– Мен кешегі сабақта бола алмай қалдым. Ал физикадан жаңа "Энергия" деген тақырып өтіпсіңдер. Қиын болмаса түсіндіріп жібересің бе? Мен тек сұрақ қойып отырамын.
– Жарайды. Қоя берсең болады.
– Жалпылама айтқанда, энергия ол – жұмыс істеу қабілеті және оның негізгі көзі Күн. Солай ма?
– Иә, дұрыс.
– Ал энергияның қандай түрлері бар?
– Механикалық, жылу және электр деген түрлері бар. Механикалық денелер мен заттардың, жылу тек дене бөлшектерінің, ал электр электрондар қозғалысынан пайда болады.
– Түсінікті. Неліктен ғалымдар энергияны "жанды күш" деп атаған?
– Өйткені энергияның арқасында механизмдер мен құралдар жұмыс істейді.
Энергия туралы диалог.
– Сәлем, Аружан! Қалайсың?
– Сәлем, Арсен! Жақсымын, өзің ше?
– Мен де жақсымын. Сенің көмегің қажет боп тұр.
– Не көмек? Айта бер.
– Мен кешегі сабақта бола алмай қалдым. Ал физикадан жаңа "Энергия" деген тақырып өтіпсіңдер. Қиын болмаса түсіндіріп жібересің бе? Мен тек сұрақ қойып отырамын.
– Жарайды. Қоя берсең болады.
– Жалпылама айтқанда, энергия ол – жұмыс істеу қабілеті және оның негізгі көзі Күн. Солай ма?
– Иә, дұрыс.
– Ал энергияның қандай түрлері бар?
– Механикалық, жылу және электр деген түрлері бар. Механикалық денелер мен заттардың, жылу тек дене бөлшектерінің, ал электр электрондар қозғалысынан пайда болады.
– Түсінікті. Неліктен ғалымдар энергияны "жанды күш" деп атаған?
– Өйткені энергияның арқасында механизмдер мен құралдар жұмыс істейді.
– Басқасы маған түсінікті. Көп-көп рақмет жауаптарыңа.
– Оқасы жоқ, Арсен!