ДИАЛОГ ПО 5-ТАПСЫРМЕ,СТР 18 Электрондық ми өз экранына космос картасын жайып салды. Экипаж мүшелері әлем картасына үңілді. «Байқоңырдың» келе жатқан жері от жебе болып жарқырайды, ұлан-асыр космос мұхиты. Галактикалық жеке-жеке жұлдыз жүйелері шоқ-шоқ болып шашылып жатыр. Оқта-текте космос аралдары, құйрықты жұлдыздар көзге шалынады. Қайда тарту керек?! Оразов «Байқоңырдың» жолына ең таяу деген қос жұлдыз шоғырына бұрылуға ұйғарды. Ол небәрі он жеті планетадан құралған. Қос жұлдыз егіз Күндер іспеттес... Оразов «Байқоңырды» дәл осы планетаға бағыттады. Экипаж мүшелері үнсіз ишаратпен бұл шешімді мақұлдағандай. Тек Кибер алақанын соққылап, қуанып қалды. Алақай, жаңа планета көреміз! Оның бұл қуанышы орынды еді. Экспедиция жинап қайтқан материалдар өте құнды. Оны аман-есен адамзат ұрпағына жеткізу бұлжымас борыш. Тура жолдан ауытқудың кесапаты мол. Кеме уақыттан ұтылады, жанар отыны таусылады. Алайда шешім біреу ғана болуға тиіс. Ол – «Байқоңырды» және оның жиған материалдарын қайткен күнде аман сақтап қалу...
Күні кеше жұрт асыға күткен "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп, ел назарына ұсынылды. Тарих толқынан шыр шертетін фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.Томирис біздің заманымызға дейінгі VI ғасырды өмір сүрген. Ел басқарған патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Ал арғы атасы сақтардың көсемі болған Ишпакай. Томиристің әкесі ел билеуде даналығымен көзге түскен. Шебер қолбасшы әрі бір-бірімен жауласқан тайпаларды ымыраға келтіре білген көреген басшы болған.Анасы Томиристі босанғанға көз жұмады. Дегенмен кейбір дереккөздері оны кейін қайтыс болғанын жазады. Томирис бала күннен жаугер болып өседі. Қаруды қолдануды да, одан қорғануды да жақсы меңгерген.
мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).