В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Жеккаа727
Жеккаа727
01.02.2023 15:01 •  Қазақ тiлi

Домбыра-асыл қазына тақырыбында эссе жазамыз​

Показать ответ
Ответ:
Каримончик
Каримончик
27.01.2021 11:07

Биыл тұңғыш рет республика көлемінде тойланғалы отырған мереке - «Домбыра күні». Асыл мұрамыз, ұлттық байлығымыз болып саналатын бұл көне аспаптың қазақ халқы үшін алар орны ерекше. Осы орайда, бүкіл қазақ елі атаулы мерекені кең көлемде атап өтуді жоспарлап отыр. Бүгінде ұлттық қазынамызды насихаттауда елеулі іс өңірімізде де атқарылып жатыр. Игі бастамаға өңірлік тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері де өз тараптарынан елеулі үлестерін қосуда. Жәдігерлер жайында толыққанды мәлімет беруде.

Халық арасына кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан аспаптарының бірі-шекті домбыра. Домбыра - ата-бабамыз қалдырған ақ жолды аманаты. Ұлттық кодымыздың  айшықты бөлігі болып саналатын бұл көне аспаптың қайта жаңғыруына рухани жаңғыру бағдарламасы үлкен серпін берді. Бұдан былай, жыл сайын барша қазақ елі домбыра күнін атап өтетін болды. Бұл, әрине әрбір қазақстандық үшін мерейлі күн болмақ. Бүгінде мұражай қызметкерлері атаулы мерекеге орай сан-алуан шараларды ұйымдастырып, ұлттық аспап жайында қызықты әрі пайдалы мағұлматтар беруде.  

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында белгілі, белді тұлғалардың да аспаптары сақталған. Солардың бірі әрі бірегейі қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, халық батыры Амангелді Иманов. Торғай жерінің тарланының домбырасы бүгінгі таңда барша қостанайлықтар мен қала қонақтарының назарына ұсынылып отыр.

Ұлттық өнердің, соның ішінде рухани мұрамыз саналатын-домбыраның кең көлемде насихатталуына, тарихымыздағы орнын жоғалтпауына бей-жай қарамайтын азаматтар бізде жетерлік. Олар өз қолдарымен мұражай қорына ата-бабаларынан қалған көне аспап түрлерін тарту етіп, сол арқылы рухани жаңғыруымызға үлестерін қосуда.

Домбыра-асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен, өнерпаз халықымыздың асылынан артық қастерлеп, жалғызындай аялап, қақ төріне ілген ең қымбат, ең ардақты музыкалық аспабы. Олай болса осы байлығымызды насихаттауға, жаңғыртуға бағытталған мереке - «Домбыра күніне» барлығымыз үлес қосу – ортақ міндет.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота