Домбыра - қазақ халқының өте ерте және, нағыз табиғи ұлттық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді. Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында қазақ күйлерін ғана емес, батыс және шығыстың, танымал туындыларын орындауға болады. 1. Домбыра қандай музыкалық аспаптар қатарына жатады? [1]
2. Батыс Қазақстан аумағында домбыраның көлемі қандай болып келеді? [1]
3. Күй орындауда қандай қағыс түрлері бар? [1]
4. Қазақтың тағы қандай ұлттық музыкалық аспаптарын білесің? [1]
5. Мәтін мазмұны бойынша «Бұрыс» ақпаратты анықта
Ақпарат Дұрыс Бұрыс
Домбыраның көне Шумер тілінен аударғандағы мағынасы «кішкене садақ»
Домбыра аспабында қазақ күйлерін ғана орындауға болады.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Ол 1845 жылы Қостанай облысында туылған.Ұлты-қазақ.Ол 8 жасынан бастап оқыған.Ахмет Риза медресесін бітірген.Абай-ақын,ағартушы,философ.Ақынның Жаз,Күз,Қыс,Ғылым таппай мақтанба атты өлеңдері бар.
1.Біздің заманымызға дейінгі 295 жылы Птолемейдің бастамасымен Александрияда музей (мұражай) құрылды .Онда жұмыс істеуге грек философтары шақырылды.
2.Көптеген ежелгі ғалымдардың өмірі Египеттің Александриядағы кітапханасымен байланысты болды.
3.Біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда Птолемейдің екінші кезеңінде Александрия Египетіндегі кітапхана мен мұражай өздерінің даңқының шыңына жетті. Қаражат өсті, түрлі зерттеулер жүргізілді.
4.Дәл осы жерде жер шарының өлшемі алғаш рет есептелді, аспанда көрінетін жұлдыздардың саны есептелді, дәл сол жерде зертханалар, медициналық мектеп және бақтар болды.
5.Клеопатраның билік еткен жылдарымен ғалымдар әйгілі кітапхананың күйреуінің басталуын атап өтті.