Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап. Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сонымен қатар оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге нәр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/shanyirak/salt- dastur/53033/
1.Мәтін не туралы? (1 б.)
А) домбыраның тарихы мен мүмкіншілігі + Б) атақты күйшілер В) танымал күйлер
2. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейн қандай аспаптық шығарма жанрының қалыптасуына ықпал еткен? (1 б.)
А) жыр Б) термелер В) күй
Бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады.
1.Сығанаққа «Туман жазбалары» қалай түсініктеме берген ?« Туман жазбалары дейтін көне шежіреде шаһар Х ғасырда Сунақ деп аталыпты . Бұл « суың нақ » , « Қоналқы » деген ұғымнан шыққан көрінеді .
2.Сығанаққа Махмұт Қашқари қалай түсініктеме берген ?Махмұт Қашқаридің « Түркі тілдерінің сөздігі » деген еңбегінде « Сугнак гуздар еліндегі қала » деген түсініктеме бар .
3.Сығанаққа араб тарихшылары қалай түсініктеме берген ?Кейіннен өзі білетін араб тарихшылары сол Сығанақ пен Отырарды салыстыра дәріптейтінді шығарды . Расында , Сығанақ , олардың ұғымынша , « қос өзеннің » | арғы жағындағы ( Мәуереннахр ) елдің тағдырын білдіріп тұратын бірден - бір Темірқазық жұлдызы іспетті еді .
4.Сығанаққа елшілер мен жазушылар қалай түсініктеме берген ?Шаһарды елшілер мен жазушылар Дешті Қыпшақтың екінші шаңырағы , Ұлы Жібек жо лының алтын қақпасы деп санады .
Вот