Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық – өзара жауапкершілік пен
қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт
беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы
мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері
әртүрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық,
екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі
бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға
көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен
сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл
бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті:
«Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы»,
«Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның
басында», «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос».
Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге
ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере
алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу —
өмірлік мақсаттардың бірі.
Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу
оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Сенім мен жарқын көңіл достықты берік
ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп
болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Достық деген сезім сені
шынайылыққа, адалдыққа үйретеді.
Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр «Нағыз
шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарымқатынасын
қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен
қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи
өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген.
Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап,
суландырып тұрсақ, арадан қанша уақыт өтсе де, ол ағашымыз жайқалып,
жапырақтары қаулап өседі. Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен
болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда зор
жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды тануға болады. Адам өзі қандай
болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады.
Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып,
ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос
бола білуіңізді ойлау қажет.
1-тапсырма
Мәтіннен мына сөздерді сәйкес мағыналарын табыңыз.
Адамға - [1]
Көмектеседі - [1]
Зор - [1]
Жау - [1]
Керек - [1]
Посещение Музея первого президента Казахстана вам непременно запомнится: там можно посмотреть на предметы интерьера и мебель, сувениры, книги и картины, подаренные президенту, оружие, личные вещи и документы, графические работы и произведения декоративно-прикладного искусства, а также на многое другое.
Более того, в Музее регулярно проводятся выставки, к примеру, выставка, представляющая культуры разных стран – на ней можно увидеть произведения искусства, работы ремесленников, картины и скульптуры (сентябрь 2007). Или, к примеру, выставка, посвященная детскому творчеству (октябрь 2007).