1)Ашық дауыстылар айтқанда жақ кең ашылады.2)Қысаң дауыстыларды айтқанда жақ тар ашылады.3)Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай ерінді және езулік деп екіге бөлінеді.4)Барлық дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. 5)Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.6)Еріндік дауыстыларды айтқанда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.7)Езулік дауыстыларды айтқанда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалады.8)Жуан дауыстыларды айтқанда тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалады.9)Жіңішке дауыстыларды айтқанда тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.
Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңыздылығы туралы.
Еліміз бен халқымыз үшін 2017 жылдың 26 қазаны айтулы күн болып, есте қалды. Бұл күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатыны анық.
Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде "Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек" деген болатын. Латын әліпбиіне көшу тіл тазалығын қалыптастырады.
Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр.
Бұған көршілес елдердің әліпбиі мысал бола алады: Түркия латын әліпбиіне 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты.
Дегенмен, бұл мәселеде асығыстық танытпай, қоғаммен де талқылап, әліпбиді құрастыруда үлкен сауаттылық таныту қажет. Себебі ғылым мен техниканың талап етуі арасында тілімізге нұқсан келмеуі керек.
Қазақ жазуының тарихына тоқталар болсақ, 900 жыл бойы қазақ жерінде араб әліпбиі қолданылып келді. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет, сонымен қатар бұл серпіліс ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатыны анық.
5)Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.6)Еріндік дауыстыларды айтқанда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалады.7)Езулік дауыстыларды айтқанда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалады.8)Жуан дауыстыларды айтқанда тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалады.9)Жіңішке дауыстыларды айтқанда тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.

Объяснение:
-