Досың туралы әңгімені естір алдындағы үш сүзгілі тест Сократқа бір адам не туралы сұрақ береді?
Үш сүзгілі тест
Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естідім, айтайын ба? – дейді.
– Тоқта. Маған айтар алдында кішкентай ғана тестіден өтуіңді сұраймын. Үш сүзгілі тест.
– Үш сүзгілі?
– Иә, менімен досым туралы сөйлесер алдында, бір сәт тоқтап, сөйлейтініңді сүзгіден өткізгенің абзал болар. Бірінші сүзгі – «Шындық сүзгісі». «Көз бен құлақтың арасы бір-ақ елі» деген даналардан қалған сөз бар.Тасжанның ондайы жоқ еді ғой. Досым туралы айтатының 100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе?
– Жоқ. Негізі, біреудің айтқанын Ақботадан естідім де, содан…
– Жарайды. Олай болса, сен ол әңгіменің өтірік-рас екенін білмейсің. Екінші сүзгі – «Жақсылық сүзгісі». Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..?
– Жоқ, жақсы емес, керісінше…
– Сен шындығын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келді ме сонда? Оған қарамастан тестен өтуің мүмкін, соңғы сүзгі – «Керектілік сүзгісі». Досым туралы айтатының керегіме жарай ма?
– Білмеймін ғой енді, бәлкім...
– Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеттілігіме жарамаса, оны айтып несіне әуре боласың?
Ол әңгіменің өтірік-рас екенін сұрайды
Досы туралы естіген әңгімесін айтуға рұқсат сұрайды
Үш сүзгіден өтуді сұрайды
Тестен өтуге рұқсат сұрайды
Досы туралы естіген әңгімесін айтуға рұқсат сұрайды
Объяснение:
Досы туралы естіген әңгімесін айтуға рұқсат сұрайды
Объяснение:
Правильный ответ!