Дым ғой демектің бәрі ақымақтық. 36. Мәтінге тиісті тыныс белгілерін қойып жаз. Тегінде а ақыл ғылым мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен тез
Жібек– жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде сондай талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше – піллә түзеді.
Өндірістік жібек, негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбек қажет ететіндіктен, жібек ең қымбат саналады. Сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болатындықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары, әрі жақсы диэлектрик, 120 – 130°С ыстыққа төтеп береді, тек 160 – 170°С-та ғана ыдырай бастайды.
Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды.
Испиджап:
Испиджап туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни экономикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.
Сарайшық:
Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

Отырар: