Сыйластық дегеніміз – басқа адамдарға құметпен қарау, түсінушілік таныту. Бұл орайда есіме «Сыйласқанның құлы бол» мақалы түседі. Қазақ халқы тіпті танымайтын адамды үйіне қонақ қылып, төрге шығарып, сыйлаған. Жалпы адамдар арасында түрлі қарым – қатынаста сыйластық орнайды: достар арасында, туысқандар арасында, құрмет қылуға лайықты адамдар арасында. Қазақ қоғамындағы сыйластықтың бір мысалы ретінде жеңге мен өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдерінің қарым – қатынасын келтіруге болады. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.
Сондықтан отбасы тәрбие бастауы болғандықтан, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында тек жағымды қасиеттер қалыптастыра білсе екен дегім келеді.
Жай сөйлем құрамы мен құрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң сөйлем және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі. Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді: 1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді. 2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б. 3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды. 4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі. Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады. Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.
Отбасындағы сыйластық.
Дәстүрлі қазақ қоғамында сыйластықтың маңызы зор.
Сыйластық дегеніміз – басқа адамдарға құметпен қарау, түсінушілік таныту. Бұл орайда есіме «Сыйласқанның құлы бол» мақалы түседі. Қазақ халқы тіпті танымайтын адамды үйіне қонақ қылып, төрге шығарып, сыйлаған. Жалпы адамдар арасында түрлі қарым – қатынаста сыйластық орнайды: достар арасында, туысқандар арасында, құрмет қылуға лайықты адамдар арасында. Қазақ қоғамындағы сыйластықтың бір мысалы ретінде жеңге мен өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдерінің қарым – қатынасын келтіруге болады. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.
Сондықтан отбасы тәрбие бастауы болғандықтан, әрбір отбасы бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, жас ұрпақтың бойында тек жағымды қасиеттер қалыптастыра білсе екен дегім келеді.
Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүшелер болмай, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
Жайылма сөйлем - тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлем.
Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты сөйлем, жақсыз сөйлем болып бөлінеді.
Жақсыз сөйлем - бастауышы бар кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрі.
Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді:
1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді.
2. Тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б.
3. –ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды.
4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады.
Толымды сөйлем - сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі.
Толымсыз сөйлем - айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі.
Мысалы: Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Күпі сыртынан қайыс белбеуін буып алды. Көзінен жасы ыршып кетті. Осы үш сөйлемнің алдыңғысы – толымды cөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді? - шықты) да, бастауышы (кім шықты? – Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты? – сыртқа және қалай шықты – бір ытқып ) та жұмсалған. Сондықтан бұл - толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді? – буып алды) иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалған, бірақ оны табуға болады: кім буып алды? – ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп қалған. Сондықтан екінші, үшінші сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады.
Атаулы сөйлем - ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі.
Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан, шартты түрде сөйлем деп танылады. Бірақ оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді.
Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кезі. Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрғақтар айнаның жиегіне салынған салынған әдемі өрнек сияқты. Мұнда алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1-2 сөйлемдері кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3-4 сөйлемдер: Көкшетау маңы және айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр.
Мысалдан көргеніміз атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құрала береді.