-Е-ДЕ ОС СОРОГОО Шөл далаға саяхат. Шөл Қарақұм шөлінде жаз кезінде көлеңкедегі ыстық неше градусқа дейін барады? Шөл өсімдіктері мен жан-жануарлары ылғал тапшылығына, шақырайған аптап күнге, сусыған құмға бейімделіп алған. Қарақұм шөлінде жаз кезінде көлеңкедегі ыстық елу градусқа дейін барады. Құмның ыстықтығы соншалық, оған жұмыртқа пісіруге болады. елу градус алпыс градус қырық градус Білгенің жөн! Градус – ауа райының ыстықтығын я суықтығын есептейтін өлшем бірлік. Түсіндіру Қарақұм шөлінде жаз кезінде көлеңкедегі ыстық елу градусқа дейін барады. Себебі жаз кезінде көлеңкедегі ыстық елу градусқа дейін баратыны суреттеледі. ответ: Елу градус прадсенд мен тексердім
Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.
С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.
Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.
Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан бір топ азаматтарды марапаттады.
Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі.
Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O