«Егемен елдің ертеңіндегі менің орным» тақырыбында аргументті эссе жазыңыз. Сөз саны: 60-70 сөз. 1. Тақырыпты ашатын екі –үш сөйлем жазыңыз. (2-3 сөйлем )
2. Тақырыпқа байланысты тезис жазыңыз.(1-2 сөйлем )
3. Тезиске дәлел келтіріп жазыңыз.
1-дәлел.
2-дәлел.
Тезиске қорытынды жазыңыз.
4. Тезис жазамыз (1-2 сөйлем )
Тезиске дәлел келтіреміз.
1-дәлел
2-дәлел
Тезиске қорытынды жазамыз
5. Эссені қорытындылау (2-3 сөйлем )
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз.