Егер Кассандра таңбасын қарғыс таңбасы емес , ескерту деп , адамдардың өзін - өзі жетілдіре беруіне серпін берер шартты белгі деп қабылдасақ , бірнеше ұрпақ осы бағытта әрекет етер еді , зұлымдыққа бой ұрмас еді . Тұқым - тектегі кемшілік жойылар еді де , қазіргідей дағдарыстар текке кетпеген болар еді . Бұдан әрі адамдардың ойлау жүйесінде түбірлі өзгерістер жүргізілуі тиіс . Қазір Кассандра шараналар түйсігімен сезіп , зәресі үша қорқып жүрген тұрмыстағы барлық азғындық пен бұзықтық атаулы келмеске кетер еді . Оның үстіне , санамыздың өзгеріске түсуі адамзаттың аман қалып , өркендей беруінің бірден - бір шарты болмақ . Ш. Айтматов . « Кассандра таңбасы » романынан 1. Кассадраның таңбасы қандай ? 2. Қандай шартты белгі деп қабылдасақ , бірнеше ұрпақ осы бағытқа әрекет ететін еді ? 3. Зұлымдын деген не ?