Екі дос Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Аттары өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына: – Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.Қолбасы селк етіп, жалт қарады. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: – Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді де сылқ-сылқ күліп жібереді. - Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт. - Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. - Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. 3.Мәтіндегі қосымша ақпаратты анықта
Все уроки у нас проходят интересно. Но особенно, мне нравятся «казахский язык». Мне бы хотелось, чтобы урок «казахского языка» был каждый день. На этом уроке мы изучаем сам казахский язык, его обычаи и культуру. Мы узнаём о жизни казахского народа. И урок наш получается как будто мы сами казахи! Бывает так, что я сяду за книгу на казахском языке и не замечаю, как летит время! Мне нравится и я люблю казахский язык!
Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.