Екі дос шөл далада келе жатып, екеуі сөзге келіп қалады да, біреуі екіншісінің бетінен ұрып жібереді. Сонда досы бетінің ауырғанын сезседе,үндемей,құмға:"Бүгін ең жақын досым мені бетімнен ұрды" деп жазып қояды. Олар келе жатып, жазира далаға тап болады. Далада өзен бар екен, екеуі өзенге түсіп шомылып жатқанда, әлгінде
досынан таяқ жеген жігіт суға батып кетеді. Сол кезде досы оны құтқарып, жағаға
арқалап алып шығады. Есін жиған соң, жігіт: "Бүгін ең жақын досым мені құтқарды" деп
тасқа қашап жазады. Досын құтқарған жігіт одан: "Сені ренжіткен кезімде құмға жазып
едің, енді тасқа қашап жаздың, не үшін?" деп сұрайды. Сонда досы: "Біреу бізді
ренжіткен кезде ренішті жел шайып кету үшін құмға жазуымыз керек. Бірақ біреу бізге
жақсылық жасағанда, оны ешқандай жел шая алмау үшін тасқа қашауға тиіспіз. Ренішті
құмға, қуанышты тасқа жазып үйрен", - деп жауап берген екен.
1.Мәтінді оқып, сөйлемнің дұрыс нұсқасын белгілеңіз.
Досы бетінің ауырғанын сезбеді. Бұрыс
Досы бетінің ауырғанын сезбеді. Дұрыс
Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны өткенімен және болашағымен байланыстырады. Ата-баларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап бізге аманат етіп қалдырған асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Жыраулар жырлаған, ақындар өлең арнаған, суретшілер сурет арқылы туған жердің әсемдігін, олар үшін аса қымбат екендігін көрсетуге тырысқан. Туған жеріміздің топырағы, асқар таулары мен өзен-көлдері, даласы өте қажет екенін, сол үшін туған жерімізді құрметтеу, қорғау біз үшін міндет екенін естен шығармауымыз қажет. Бір сәт көзімізді жұмып туған жерімізді ойға алатын болсақ, ең алдымен ата-ана, бауырларымыз және достарымыз еске түседі. Себебі туған жер ол адамның шағын Отаны. Самал желімен, балалық шақтағы естеліктерімен, ата-апаларының қызықты әңгімелерімен байланыстырады. Халықта «Туған жердің жусаны жұпар», – деп бекерден айтылмаған. Әрбір тас, әрбір гүлі, бәрі-бәрі адам үшін ыстық болып тұрады. Сонымен қатар бабаларымыз қалдырған туған жерге байланысты керемет мақалдар көп.
вот держи
Объяснение:
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.