Екі көрші өмір сүріпті. Қыс келіп, қар түседі. Бірінші көрші таң ертемен күрегін алып есіктің алдындағы қарды тазалауға шығады. Жолды тазалап жүріп, көршісінің жағына көз тастайды. Ал көршісінің есігінің алды тапталған тап-таза. Келесі күні таңертең тағы да қар жауады. Бірінші көрші жарты сағат бұрын тұрып, жұмысқа кіріседі, қараса - көршісінің жолы тап-таза. Үшінші күні де көп қар түседі. Бірінші көрші одан да ерте тұрып тазалауға кіріседі, ал көршісінде – жолы тағы да түп-түзу, айнадай жарқырап жатыр! Сол күні олар көшеде кездесіп, ананы-мынаны айтып сөйлесіп қалады, сол жерде бірінші көрші екіншісінен сұрайды:
- Тыңдашы, көрші, сен есігіңнің алдындағы қарды қай уақытта жинап үлгересің?
Екінші көрші алдымен таң қалады да, соңынан күліп жібереді:
- Мен оны тіпті де жинамаймын – маған достарым келеді!
№ Сұрақ Жауап
1 Бірінші көрші қарды тазалауға қай мезгілде шығады?
2 Мәтінді қалай атауға болады?
3 Бірінші көрші қандай адам?
4 Екінші көрші не деді?
5 Мәтіннің қорытындысы бойынша қандай мақал-мәтел сай?
*Қытай Ұлттық кітапханасы*
• Қытай Ұлттық кітапхарасындағы кітап қорының саны шамамен 26 миллион.
• Бұл кітапхананы Чин әулетінің соңғы императоры Пу И баяғыда 1909 жылы құрды.
• Әлем халықтарының нағыз 115 тілінде жазылған кітаптар кітапхананың 50%-ын құрайды.
*Конгресс*
• Конгреске кітаптар сатып алу үшін неғұрлым 5 мың доллар бөлінеді.
• Бастапқыда кітап қорында 740 кітап болса, баяғы 1801 жылы Томас Джеферсон Президент болған соң, кітаптар көбейді.
• Кітапхана туристер келіп, саяхат жасайтын керемет орынға айналды.
• 1930 жылы кітапхана аса ұлттық статусқа ие болды.
Бұл жерде үстеулер:
Шамамен-мөлшер ү.
Баяғыда-мезгіл ү.
Нағыз-күшейткіш ү.
Неғұрлым-мөлшер ү.
Баяғы-мезгіл ү.
Керемет-күшейткіш ү.
Аса-күшейткіш ү.
Конгресс кітапханасы
Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.
Британдық Кітапхана
Британдық Кітапхана - Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапханалары қатарында. Онда әлемнің ең танымал тілдеріндегі 150 миллионнан астам құнды ақпарат, кітаптар, газеттер, видеоақпараттар, әуенді жазбалар, карталар, суреттер жинақталған. Оған қоса 25 миллионға жуық сирек кездесетін қолжазба мен кітаптардың жинақтары бар. Аталған қолжазбалар б.з.д. 300 жылдардан хабар береді. Көлемі жөнінен әлемде АҚШ-тағы кітапханадан кейінгі екінші орында тұр.
Александрия кітапханасы
Атағы жер жарған бұл кітапхана – көненің көзі әрі антикалық мифтердің ғылыми және мәдени орталығы саналады. Б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда көрнекті ғалымдардың қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған. Алғашқы кездері Египетте кітапханалар ғибадатханаларда салынған және оларға абыздар қарауылдайтын болған. Ол кездері кітаптардың пішіні орам тәрізді болған және папирустардан жасалынған деседі. Өз заманында Александрия кітапханасы ең алып кітапхана саналып, онда 750 000 шиыршық жинақталған екен.
Қазір бұл - Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал. Кітапхана ғимараты Жерорта теңізі жағалауындағы Александрия қаласында орналасқан.
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы
Ресей Ғылым Академиясының Кітапханасы I Петрдің бұйрығымен 1714 жылы тұрғызылған. Кітапхананы ұйымдастырудағы басты мақсат – еуропалық білімге құштар, барлық сауатты адамдарды кітаптармен қамтамасыз ету болды. Кітапхана қоры - көптілді және әмбебап. Бастапқы кезде кітапханада 2 мыңға жуық кітап болған көрінеді.
1783 жылы ІІ Екатеринаның бұйрығынан кейін кітапханаға Рейсейде жарық көрген барлық баспалар әкеліне бастады.
Бүгінде Ресей Ғылым Академиясының кітапханасы - бүкілресейлік мемлекеттік әмбебап кітапхана ретінде жұртшылыққа белгілі әрі әлемнің ең үлкен ғылыми кітапханаларының қатарынан орын алады.
Стокгольм Кітапханасы
Стокгольм кітапханасы швед сәулетшісі Гуннар Асплундтың басшылығымен тұрғызылған. Құрылыс жұмыстары 1924 жылы басталған екен. Құрылыс төрт жылдың ішінде аяқталып, яғни 1928 жылы кітапхана пайдалануға берілді. Ескере кететін жәйт, бұл кез келген кітап оқуға құштар адамды қабылдайтын тұңғыш шведтік кітапхана болып табылады.
Копенкагендегі Корольдік Кітапхана
Копенкагендегі Корольдік Кітапхана - Данияның ұлттық кітапханасы болып табылады. Бұл кітапхананың қоймасында тарихи әрі құнды басылымдардың үлкен мөлшердегі қоры сақталған. Корольдік Кітапханада XVII ғасырдан бері Данияда басылып келе жатқан кітаптардың түгел нұсқалары бар. Сонымен қатар мұнда 1482 жылы Данияда басылған тұңғыш кітап сақталған.