Екі команданың футбол ойынынының қызған шағын суреттейтін жинақы мәтін (8-10 сөйлем) жазыңдар. Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтаңдар.
Ақпараттық ресурстар (Информационные ресурсы; information resources) — 1) ғылыми теорияларымен, процестер мен құбылыстарды зерттеулерімен, өнер табыстарымен, машина жобаларымен, ғимараттарымен, зауыттарымен, табиғат пен қоғам туралы мағлұматтарымен сипатталатын мемлекеттің рухани пәрмені (күш-қуаты); мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы. Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кірістік құжаттар жатады; 2) кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.
«Емханада» диалог.
- Қайырлы күн!
- Сәлеметсіз бе! Қандай шағымыңыз бар?
- Мен қанды талдауға тапсырғаннан кейінгі қайтадан тексерілуге келдім.
- Жақсы, тегіңізді айтып жіберсеңіз?
- Тегім Омаров(а).
- Таптым. Қан талдауы дайын екен. Екі көрсеткіш жоғарылап тұр екен. Кәне, қан қысымыңызды өлшейік.
- Жақсы.
- Қан қысымы сәл жоғарылап тұр екен.
- Ол қауіпті емес пе?
- Жоқ, уайымдамаңыз. Қазір сізге тиісті ем - шара мен дәрі - дәрмектің тізімін жазып берейін. Осы ем - шарадан соң тағы тексерілуге келіңіз.
- Жарайды.
- Міне. Бұл дәрілерді тегін өзіміздің әлеуметтік дәріханамыздан алсаңыз болады. 2 қабат 203 кабинет.
- Көп рахмет, дәрігер мырза.
- Ем болсын! Сау болыңыз!
- Сау болыңыз!