Екі сұрақтың біреуін таңдап ( выбрав ) , жауап жазыңыз . Сөз көлемі : 150-180 . Өз жауабыңызды тиісті стильге , жанрға келтіріңіз 1.Жергілікті газет бетіне жастарға арнапі « Әдебиет - тіл өнері » деген тақырыпта мақала жазыңыз . Жазба жұмысында шылаулар ( служебные слова ) мен оқшау ( обособленные слова ) сөздерді орынды қолданыңыз . 2.Мұнай өнеркәсібінің Қазақстан экономикасындағы рөлі туралы эссе жазыңыз . Жазба жұмысында шылаулар мен оқшау сөздерді орынды қолданыңыз I Мақала құрылымы Атауы . Мақала атауы қысқа , нұсқа , оқырманды қызықтыратындай болу керек . Сұрақ түрінде құрылған мақала атауы көбінесе ұтымды болып табылады . Кіріспе бөлім . Бұл абзацта автордың көтерген мәселесі ашылады және оқырманға маңыздылығы айқындалады . Егер мақала атауы оқырманның назарын аударса , кіріспе бөлім мақаланы соңына дейін оқуға ынталандыруы керек . Мақала мазмұны . Мақаланың негізгі бөлімінде автор көзқарасы тұрғысынан көтерілген мәселеге анализ жасалады . Мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырып , сіздің пікіріңізше ең тиімдісін анықтап , ұсынуыңыз қажет . Қорытынды бөлім . Өзіңіздің қорытындыңызбен бөлісіңіз ,
Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келген. Әкесі — Дулат аты шыққан шебер, ал анасы — Дәмеш әншілікке бейім болған. Міржақып екі жаста анасынан айырылды. Әкесі балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, одан кейін орысша оқытып, заң қызметіне бағыттады. Осы жолмен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді.
Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасында оқыды. Бірақ екі жылдан кейін басқа мектепке ауысып кетті. Ол жайында өзі де жазған.
Құндылық — белгілі бір заттың маңыздылығы, керектігі. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік