Екі сұрақтың ( тақырыптың ) біреуін таңдаңыз . Құрамы 90-100 сөзден тұратын жазба жұмысын орындаңыз . 1. Сіз « Уақыт » сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе ? Бәріміз бұл сөздің мән - мағынасын білеміз , бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз . Халықта мынадай сөз бар : « Өмірдегі ең қиын үш нәрсе : сыр сақтау , уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу » . Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап эссе жазыңыз . 2. « Қазақстанның Қызыл кітабы » Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі . « Қызыл кітапқа » енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз ? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз .
Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше.
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?
Анықтауыш - сөйлемде зат есімнен болған не заттық мағынада қолданылған мүшені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіліктік–қатыстың жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше.
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша? неше? нешінші? қайткенде? не еткенде? деген сұрақтардың біріне жауап береді. Құрамына қарай дара (қара), күрделі (қара көк) болып екіге бөлінеді.
Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше.
Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? деген сұрақтарға жауап береді.