Астана – Арқаның төсінде нұрланған Алаштың ең ұлы арманы. Астана - қахарман Қазақтың мәңгілік мәртебесі. Астана – егемен елдің жан дүниесінің жарқылы. Астана – теңдессіз Тәңірі дарытқан дархан халықтың ардағы. Астана – Елбасының ерен еңбегі. Астана – Еуразияның гүлдеген жүрегі, еркін елдің тірегі. Бұл жолдарды оқи отырып, көз алдымызға Отанымыздың бас қаласының маңғаз бейнесі келеді. Жүрегіміз мақтаныш сезімге бөленеді. Еуразияның жүрегінде орналасып, Қазақстан халқының үш негізгі идеясы – бейбітшілік, келісім мен гүлденуді өз бойына жинақтаған Астана бүтіндіктің, достастықтың және әлемдік кемелденуге қарай мәңгілік жылжудың символына айналды. 6 шілде күні Елбасымыздың астананың геосаяси жағдайын өзгерту жайлы арманынның іске асқанына 11 жыл толады. Бағдарламаның бастамасы «Бәйтерекке» виртуалды саяхаттан басталады. Оқырмандар қаланың басты әсем орындарын аралап қана қоймай, оның авторы кім, жасаған кім, президент алақанының таңбасы нені білдіретіндігімен де танысады. Жас оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Сиқырлы құс» деп аталатын кітап көрмесін ұсынады. Мұнда білімқұмар балаларды қазақ ертегісін негізге ала отырып «Бәйтеректі» жасаған адаммен виртуалды кездесу күтеді. Мерекелік шараның негізгі бөлігі - Бас қаланың өзі жайлы медиа-сұхбат. Жолбасшымен бірге Астананың ең әсем, ең маңызды жерлерін аралап, олардың тарихына бойлап, қаланың ерекше архитектуралық құрылыстарымен танысасыз. Сұхбатты «Астана портреті» атты кітап көрмесі толықтырады. Көрме материалдары өткен уақыт аралығында қаланың қалай өзгеріп, жақсарғаны жайлы әңгімелеп, Астананың тарихи даму кезеңімен таныстырады. «Астана 10 жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстанның жеті кереметі» және әсем безендірілген фотоальбомдардан бүгінгі Астана Сізбен бірге сыр шертіседі. Астана – болашақтың қаласы. Мұнда Шығыс пен Батыс, дәстүрлер мен жаңашылдық, бабаларымыздың даналығы және тәжірибесі мен болашаққа талпыну тоғысқан. Бұл Қазақстан халқының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері мен табысының куәсі. Астана көркею, республикамызды жетекші шикізат көзі державасынан инновациялы экономикалы елге айналдыру саясатын іске асырады.
- Сәлеметсің бе, Аспандияр! Қалың қалай, сабағың қалай?
- Бәрі жақсы, аға. Рахмет. Сіздің көмегіңіз керек болып тұр еді.
- Әрине, айта бер. Қандай көмек?
- Тарих сабағынан «Алтын адам» тақырыбына баяндама жасауым керек еді.
- Жақсы. Көмектесейін. Қандай сұрақтарың бер, сұрай бер?
- «Алтын адам» зираты қашан және қай жерден табылды?
- 1969-1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі табылды.
- Зиратты тапқан археолог кім?
- Зиратты археолог К.А. Ақышев тапқан.
- «Алтын адамды» қысқаша сипаттап берсеңіз?
- Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
- Деректерге сүйенсек, «Алтын адам» қай заманда өмір сүрген?
- Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
Астана - қахарман Қазақтың мәңгілік мәртебесі.
Астана – егемен елдің жан дүниесінің жарқылы.
Астана – теңдессіз Тәңірі дарытқан дархан халықтың ардағы.
Астана – Елбасының ерен еңбегі.
Астана – Еуразияның гүлдеген жүрегі, еркін елдің тірегі. Бұл жолдарды оқи отырып, көз алдымызға Отанымыздың бас қаласының маңғаз бейнесі келеді. Жүрегіміз мақтаныш сезімге бөленеді. Еуразияның жүрегінде орналасып, Қазақстан халқының үш негізгі идеясы – бейбітшілік, келісім мен гүлденуді өз бойына жинақтаған Астана бүтіндіктің, достастықтың және әлемдік кемелденуге қарай мәңгілік жылжудың символына айналды.
6 шілде күні Елбасымыздың астананың геосаяси жағдайын өзгерту жайлы арманынның іске асқанына 11 жыл толады.
Бағдарламаның бастамасы «Бәйтерекке» виртуалды саяхаттан басталады. Оқырмандар қаланың басты әсем орындарын аралап қана қоймай, оның авторы кім, жасаған кім, президент алақанының таңбасы нені білдіретіндігімен де танысады. Жас оқырмандарға кітапхана қызметкерлері «Сиқырлы құс» деп аталатын кітап көрмесін ұсынады. Мұнда білімқұмар балаларды қазақ ертегісін негізге ала отырып «Бәйтеректі» жасаған адаммен виртуалды кездесу күтеді.
Мерекелік шараның негізгі бөлігі - Бас қаланың өзі жайлы медиа-сұхбат. Жолбасшымен бірге Астананың ең әсем, ең маңызды жерлерін аралап, олардың тарихына бойлап, қаланың ерекше архитектуралық құрылыстарымен танысасыз.
Сұхбатты «Астана портреті» атты кітап көрмесі толықтырады. Көрме материалдары өткен уақыт аралығында қаланың қалай өзгеріп, жақсарғаны жайлы әңгімелеп, Астананың тарихи даму кезеңімен таныстырады. «Астана 10 жыл», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстанның жеті кереметі» және әсем безендірілген фотоальбомдардан бүгінгі Астана Сізбен бірге сыр шертіседі.
Астана – болашақтың қаласы. Мұнда Шығыс пен Батыс, дәстүрлер мен жаңашылдық, бабаларымыздың даналығы және тәжірибесі мен болашаққа талпыну тоғысқан. Бұл Қазақстан халқының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері мен табысының куәсі. Астана көркею, республикамызды жетекші шикізат көзі державасынан инновациялы экономикалы елге айналдыру саясатын іске асырады.
Алтын адам туралы диалог
- Аға, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, Аспандияр! Қалың қалай, сабағың қалай?
- Бәрі жақсы, аға. Рахмет. Сіздің көмегіңіз керек болып тұр еді.
- Әрине, айта бер. Қандай көмек?
- Тарих сабағынан «Алтын адам» тақырыбына баяндама жасауым керек еді.
- Жақсы. Көмектесейін. Қандай сұрақтарың бер, сұрай бер?
- «Алтын адам» зираты қашан және қай жерден табылды?
- 1969-1970 жылдары Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі табылды.
- Зиратты тапқан археолог кім?
- Зиратты археолог К.А. Ақышев тапқан.
- «Алтын адамды» қысқаша сипаттап берсеңіз?
- Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
- Деректерге сүйенсек, «Алтын адам» қай заманда өмір сүрген?
- Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 - 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
- Көмегіңізге көп рахмет, аға!
- Оқасы жоқ, бауырым!