Ақшаңызды үнемдеуге көмектесіп, электр қуатына аз шығындалуға мүмкіндік беретін тәсілдер көп. Оны біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Мұндай қулықтардың кейбірі қосымша шығын қажет етуі мүмкін. Мысалы, терезелерді жылылау. Бұл ретте бірақатар адам энергетикалық тиімді тұрмыс техникаларын алуды жөн көреді. Бірақ ең тиімді әрі ұтымды амал ретінде электр қуатын үнемдеп, қалтаңыздан артық шығын шығармайтындарын атай аламыз. Сонымен қатар табиғат ресурстарын үнемдеу арқылы күллі адамға ортақ ғаламшарымызды қорғауға атсалысасыз. Яғни жердің, ауаның ластануына, қышқылды жаңбырдың пайда болуына ықпалыңыз азайып, парниктік эффектіні жеңілдетесіз. Төменде аталған әдістерді қолданып көрсеңіз, ақшаңыздың үнемделуіне ғана емес, қоршаған ортаға да тигізер пайдасын байқайсыз. Бастысы, өте тиімді әрі тегін.Кір киімді суық суда жуыңыз. Бәлкім, кіржуғыш машина барабанды айналдыру үшін, электр қуатын көп тұтынады деп ойлайтын шығарсыз. Ал шындығында кіржуғыш машина жұмсайтын электр қуатының шамамен 90 пайызы суды ысытуға кетеді. Егер кірді салқын сумен жуатын режимін таңдасаңыз, біраз ақша үнемдей аласыз. Жылы су киімдегі дақты кетіруде тиімді. Бірақ сапалы ұнтақ таңдасаңыз, кір киімді тазартуға суық су да тиімді. Сонымен қатар киім кептіргіш машинаны да қолданудың қажеті жоқ. Күн жылы болса, жуылған киімді далаға жайыңыз. Бұл кеңеске құлақ ассаңыз, тағы да біраз ақшаңыз қалтаңызда қалады әрі киіміңіз жұпар аңқитын болады. Киімді үйде кептірудің де өз тиімділігі бар. Оған қоса киіміңізге күте білгеніңіз жөн. Егер киімді кір жайғыштан немесе электрлі кептіргіштен сәл дымқыл күйінде алсаңыз, үтіктеген кезде көп қиналмайсыз. Ал электрлі кір кептіргіштен бас тартқыңыз келмесе, ылғалдылық тетігі бар түрін таңдағаныңыз абзал. Мұндай машинаға кір кептіру үшін көп уақыт қажет емес.
Компьютерді өшіріп жүріңіз
Компьютерді қолданбаған уақытта қосылған күйінде қалдырмаңыз. Компьютер мен мониторын өшіріп жүрсеңіз, біраз ақшаңызды үнемдей аласыз. Сонымен қатар электр қуатын 80 пайызға аз жұмсайсыз. Өз кезегінде ол атмосфераға шығарылатын иіс газының көлемін бірнеше килограммға азайтуыңызға мүмкіндік береді.
Үйді жылыту және салқындату
Егер үйіңізде термостат болса, қыс мезгілінде температурасын төмендетіп қойыңыз. Ал жазда салқындататын қызметін жиі қоспаңыз. Ұйықтап жатқаныңызда немесе үйде болмаған уақытыңызда жылуды сөндіріңіз. Мұның бәрі үйді жылытуға жұмсалатын шығынды азайтуыңызға көмектеседі. Жазда үйіңіз тым салқын болғандықтан, жылы киім іздеудің орнына, кондиционерді өшіріп қойғаныңыз жөн емес пе? Ал үйіңізге камин орнатсаңыз, оның бөлмеден жылуды тартып, мұржаға жіберетінін білгейсіз. Сондықтан үйіңізді жылытуға қанша күш салғаныңызбен, жылу мұржа арқылы шығып кететін болады. Яғни ақшаңыздың босқа ауаға ұшқаны. Бұл ретте жабық жүйелі, газбен жағылатын түрін таңдағаныңыз ләзім. Ол – әлдеқайда тиімді әрі үнемді.