«ЭКСПО - 2017» көрмесі және Қазақстан Біздің планетамыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады. Әр дәуірдің өз қиындықтары, әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. ХХІ ғасырда табиғат ресурстарының кең көлемде игерілуі және адамдардың мұқтажына жұмсалуы, сондай-ақ отын энергетика саласындағы антропогендік әрекеттер бұрын-соңды болмаған экологиялық мәселелер мен табиғат апаттарын туғызуда. Дүниежүзілік жиын да шикізатты қарқынды өндірудің, өңдеудің нәтижесінде отын қорының азайып бара жатқаны туралы айтып, баламалы қуат көздерін тұтыну үрдісіне өту жайлы бірегей идея мен тың ой салған бірден-бір мемлекет – біздің еліміз, яғни Қазақстан. «Жасыл планетаны» құру мақсатында «ЭКСПО-2017: болашақтың қуаты» деген жаңа жобаны ұсынды. Ғасырға жуық тарихы бар ауқымды көрме Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Әлемдік маңызы бар іс-шараға дайындық барысында ұйымдастырушы мемлекеттің алдында үлкен мақсат, жауапкершілік және міндеттер тұрады. Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай жасалды. Жалпы, тарихи сараптамаға сенсек, ЭКСПО көрмесі дүниежүзіндегі туристік тартылымы жоғары іс-шаралардың біріне кіреді екен. Туристердің көңілінен шығу үшін астнамызда бірнеше жыл ішінде модерн стиліндегі ғимараттар мен павильондар бой түзеді. Индустриализацияның негізгі символы болып табылатын халықаралық көрменің елімізге берері зор. Табиғи кеніштердің 26 сарқылып, экологияның ластануы дабыл қағатын деңгейге жеткен сәтте тек адамдар ғана бұл процесті тоқтата алады. Мұндай ғаламат бастамалар келешекте табиғатқа зиян келтірмейтін қуат көздерін тұтынуға жол ашады және экологиялық мәселелердің шешімін тауып, қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бастамасы болады. 1.Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз. «Болжау кестесі» әдісі арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырыңыз.3б Болжау кестесі Қандай мәселе көтеріледі? (не болады?) Шындығында қандай мәселе көтерілді? (Не болды?) Өмірмен байланысына 3сөйлемнен кем емес дәлел. Қорытынды тұжырым 3 сөйлемнен кем емес ақпарат
2.Тапсырма. Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыр.3б Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай жасалды. 3.Тапсырма.Берілген сөйлемді морфологиялық талдау жаса.2б Біздің планетамыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.
"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.
Дәрігер болғым келеді