Ел болам десең бесігіңді түзе. Терминдер, тұрақты тіркестер. Ел болам десең бесігіңді түзе Ұлы жазушы, ғұлама ғалым М.Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді,әдемі нақылы бар. «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі» дейді ата қазақ. Яғни, тәрбиені қазақ халқы бала туғаннан бастаған. М.Жұмабаевтың «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөзі бар. Жас ұрпақ бойында адалдық, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы жоғары. Ұлы ойшыл әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» деген екен. Ата-бабамыз қалыптастырған қалыпта тәрбиесі түзу болып бой көтерсек, дауға да, жауға да берілмейтін ұрпақ боларымыз анық! «Ел болам десең, бесігіңді түзе! ». Бұл ұлағатты ұғым адамды ең алдымен салт-дәстүр мен ұлттық болмысымызға тән қасиеттерді қадірлеуге жетелейді. Бала тәрбиесінде – Бесіктің атқарар міндеті өте зор. Сәби бесікте жатып, анасы айтқан «Бесік жырын» тыңдап өседі. Тәрбиенің ең алғашқы сатысы да осы «Бесік жырынан» басталады. «Бесік жырында» анасы «Балам өскенде батыр бол, еліңе қорған бол, халқына жақын бол, адал азамат бол, ісмер бол, өнерлі бол» - деген сияқты өнегелі жыр жолдарын айтады. Ел басы Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» – деп жариялады. Ел боламыз десек жастарымыз тәрбиелі, терең білімді болуы керек. Жастар еліміздің жарқын болашағы. Сөйлесім
1. Адамның жақсы қасиеттеріне қатысты тұрақты тіркестерді жазып келіңіз. 2. Сұрақтарға жауап жазыңыз: - «Ел болам десең бесігіңді түзе» дегенде нені түзеу керек? - Адам үшін, мемлекет үшін ұрпақ тәрбиесі не себепті маңызды? - Қазақта «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы. Балаң жаман болса, жердің асты жақсы» деген сөз бар. Не түсіндіңіз? Келісесіз бе?
3. Термин сөздерді еске түсіріңіз. Бірнеше саланың терминдеріне мысалдар келтіріңіз.
4. Өз мамандығыңыз бойынша 5 терминді түсіндіріп жазып келіңіз.
5. Мәтінді мазмұндаңыз.
1.Далалықтар былғары мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояған. Бұл кәсіппен көбінесе, әйелдер айналысты. Қолөнер мен үй кәсіпшілігі мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды
4.Үйсін әйелдері саз балшықтан ыдыстар жасаған. Жасау тәсілі екі түрлі болған: арнайы ұршықшамен және құм толтырылған мата қалыпқа қолдан жапсыру.
2.Ақтас қыстауы төңірегінен аумағы 60 шаршы метрден 150 шаршы метрге дейін өңделген егіс танабының орны анықталды. Сонымен бірге тас кетпен, қола орақтар, тастан жасалған дәнүккіштер табылды. Дәнді дақылдардан арпа, тары өсірген. Үйсіндер суармалы егіншілікпен де, тәлімді егіншілікпен де айналысқан.
3.Үйсін обаларының ең үлкенінің диаметрі – 20 метр, биіктігі – 2 метрге жуық. Үйсіндер мәйітті шалқасынан жатқызып, басын батысқа қаратып қабірде жерлеген. Ежелгі үйсіндер өлген адам қайта тіріледі деп ойлаған. Сондықтан адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады деген бұйымдардың бәрін бірге көмген.
5. Үйсін қоғамында зергерлік бұйымдарға түрлі асыл тастардан көз салу өнері өркендеді. Ақтас қорымынан осындай зергерлік өнердің тамаша үлгісі табылған.
6. Үйсіндер жаратушы күшке арнап құрбандықтар шалып отырған. Бұны олардың пайдаланған заттары, салған суреттері дәлелдейді. Археологтар арнайы шырақ жағатын табақ пен құрбандық ыдыстарын тапқан, қыш ыдыстарға күннің суреті салынған.
Объяснение: