Еліміздің мақтанышы Бос орынға тиісті сөзді қой.
19 жастағы Жазира Жаппарқұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс ауданында туған.
16 жасында Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарында (2010 жылы)
атанды.
Осы жетістігінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни
спортшыны 2011 жылы Парижде өткен ересектер арасындағы
чемпионатына апарды.
2012 жылдың мамыр айында спортшы Гватемалада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын
алды.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24382/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Амансыз ба, Абай ата!?
Мен бұл сәтті асыға күттім. Алдында Пушкинге хат жаздым. Ол хат тек Сергейұлының шығармашылығына арналған және орыс тілінде болатын. Ал бұл хат шындық толы ақ қағаз болмақшы. Сіз сүрген дәуірден біздің дәуір айырмасы: біз тәуелсіздікке қол жеткіздік, бейбіт әрі тыныш ғұмыр кешіп жатырмыз. Әр дәуірдің өз кем-жыртық, кетік тұсы болады. Мен сіз қараңғылықтан шығар дұрыс жол – білім мен ғылым деп атап көрсеткеніңізді бойыма сіңіріп жатырмын. Ертең олар маған қолшам болатынына сенімдімін.
Біздің дәуір: тіліміз ақсаңдап жатқан заман, жетім үйі мен қарттар үйі көп болуымен жаныңды ауыртады. Қазақты қазақ тонап, қан қақсатып жатқан заман. Адамдар білім-ғылымға көңіл бөлгенімен, адамшылықтан жұрдай болған заман. Әз төлі өз бауыр етін өлімге қиған заман, ардақты ата-ананы жол бойына тастап кете берер қатігез заман – осындай аналар мен балалары бар заман. ... Абай ата менің қуанарым – сізді оқыған қазақ саны күннен-күнге еселеп келеді. (жоғарыда) ... атап көрсеткен қиындықтардың шешімі ... шығармаларыңыздың терең тұңғиығында жатқанын білеміз. ... Сол мұраңызды әр қазақ түсінсе, білсе деп армандаймын. Мені жетелейтін – осы, Абай ата. Қуанышым жақында орындалатынына сенімдімін.
...«Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр
Сырымды тоқтатайын айта бермей»
...Бұл, әрине, соңғы хат емес.