В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mlgamu2013
mlgamu2013
12.08.2022 13:28 •  Қазақ тiлi

Елімнің тарихын білу – болашаққа нық сенім
написать сочинение (по объему лист с обеих сторон)

Показать ответ
Ответ:
джем16
джем16
13.10.2020 02:06

Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі — тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнін-де те рең тұжырымдар жасады. Тарих ғылымы — ұлттың, елдің тəуелсіздігінің жəне тарихи сананы қалыптас тырудың тірегі. Өйткені Отан тарихы — оның əлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын ең негізгі фактор болып саналады. Тарихсыз қоғам, халық, мемлекет болмайтыны белгілі. Бірақ сол тарихтың ғылымға негізделіп, шынайы, түбегейлі жан-жақты зерттелмеуі тарихи сананың ұлттық рухтың əлсіреуіне əкелетініне, əсіресе өткен жиырмасыншы ғасырдың ұрпақтары талай рет көз жеткізді. Ендеше отандық тарих ғылымының алдында тұрған өзек ті мəселе — сол ғылымның теориялық жəне методологиялық ұстанымдарына сүйене отырып, іргелі зерттеулер жүргізу арқылы болашақ зиялы ұрпақты тəрбиелеу. Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құра латын кешенді бағыты төмендегідей: Бірінші бағыт — Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарында ғы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екінші бағыт — Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт — Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасына қарай «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұ жырымдамасы» дайындалып арнаулы басылымдар мен ғылыми жи нақ тар да жарияланды. Отан тарихы, біріншіден, əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретін-де, екіншіден, Шығыс əлемінің құрамдас бөлігі ретінде, үшіншіден, ислам əлемінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, одан кейінгі кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңес Ода ғы ның құрамындағы тарих ретінде қарастырылып, зерттелуі қажет. Осыған орай Қазақстанның тарих ғылымының алдына төмендегі міндеттер қойылды — өткен тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде қарастыру; көне жəне орта ғасырлық тарихқа басты назар аудару; Қазақстан тарихының кеңестік ке зе ңін қай та қарау; қазақ диаспоралары тарихын зерттеуге басты назар аударумен қатар елімізді мекендейтін этникалық топтарына тиісті мəн беру. Сан түрлі дерек көздерін саралап, тарихтың ақиқатын аршу қаншалықты маңызды болса, оны келер ұрпаққа жеткізуде соншалық маңыз ды. Қоғам дық санада қалыптасқан — тарихтың өзі екшейді, өзі əділ бағасын береді дей тін ұғымдық категория бар. Бірақ ең бірінші адамдардың, қоғамның, халық тың санасына, зердесіне тікелей байланысты. Тарих — қоғамның, мемлекеттің өркениет тілігін көрсетеді. Өркениетті елдер төл тарихына құрметпен, жауап кершілік пен қарап, ерекше назар аударады. Өйткені, өткен тарихын құрметтей білген ұрпақ, келер ұрпаққа өз дəуірін сыйлата білері анық. Ендеше Отан тарихының өзекті-де теориялық мəселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсаты на сəйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғы лы мы ның өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Біз, Кеңес заманында өз тарихымызды, шынайы жаза алмай, өзгелердің жазып кеткен жылнамаларына жүгінумен келдік. Бұрын өзгенің айтқанын қайталау мен болдық. Ал олар болса, біздің тарихымыздың өз мемлекетінің мүдделері тұрғысынан жəне өз таным-түсінігі-деңгейін-де жазғанына мəн бермедік. Дегенмен біз, басқа елдің зерттеушілерінің пайым дауларының бəрін бір дей жоққа шығарудан аулақпыз. Кезін-де Ұлы Даладан шыққан айтулы тұлғалардың есімдері дəріптелмеді. Осы Ұлы Даладағы өсіп-өнген халықтың тегінің тұтастығы ашылмады. Тіпті, күні кешегі Кеңес үкіметі біздің бай тарихымыз туралы шынайы, ақпараттар бермеді. Кеңес жылдары құрметке бөленген адамдардың өздері туралы, мəселен, Т. Бокин, А. Иманов тағдыры туралы, Ə. Жангельдиннің шынайы тарихи тұлғасы туралы мəліметтерге қанық емеспіз. Жаңа тұжырымдама бойынша көне замандардан бергі Қа зақ стан тарихының дерек көздеріне жаңа көзқарас қалыптас ты ру қа жет ті лі гі баса көрсетілді. Осыған орай ең алдымен, ел тарихына қа тыс ты мұрағаттарда сақталған деректер Қазақстан Ресейдің отары бол ған кезде патша үкіметінің саясатына ыңғайланып топтастырылды. Кезінде Қазақстан оқу орындарында төл тарихтың мүлде оқытылмауы -отан дық тарих бойынша жаппай рухани жұтаңдықты қалыптастырды.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота