В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Ника290305
Ника290305
26.11.2021 03:20 •  Қазақ тiлi

Ел үшін бір мақсат бар әрекет қылмақ ел үшін ой толғау

Показать ответ
Ответ:
sumsckojr44
sumsckojr44
16.07.2020 09:46

Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды. 
Туады ерлер ел үшін, 
Өлмейді ісі мәңгілік. 
Өшпейді абзал есімдер, 
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін. 
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет. 
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет. 
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!

 

Ұрпақтары ұмытпайды

Неменеңе жетістің, бала батыр? 
Қариялар азайып бара жатыр, 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп әнеки жағада тұр. 
                                                    М. Мақатаев 
А үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім.Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Соғыстың әуелі Финляндия шекарасында басталғаны белгілі. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің ішінде менің атам - Мадырбаев Рахмет Копейұлы да бар. Отан алдындағы әскери борышын өтеген 1939 – 1946 жылдар арасында небір қиыншылықты басынан кешіріп, соғыс біткен соң еліне аман оралғандардың бірі. 
Ол кісінің қолынан тастамайтын шағын қобдишасы болатын.Оның ішінде соғыс кезінде жазған, оқ пен оттың, өлім мен өмір жолында жүріп , еліне , туған – туыс, бауырларына деген сағынышын , өзінің басынан кешкен киыншылық кезеңдерді өлеңмен өрнектеген шағын қолжазбасы бар екен. Беттері сарғайған осы парақтар өмір бойы төл құжатындай сақталып келіпті. Бұл қолжазба туралы: «Кейінгі буынға сол сұрапыл соғысты баян ете отыра , жүректен шыққан шумақтарымды ұсындым. Бұл – мен үшін сол кездің шежіресі. Әр адамның өз тарихы бар ғой. Менің тарихымның естен кетпес тұстары – Отан қорғау жылдарым еді», - дегені әлі есімде.Қолжазбаға мына өлең шумақтары тізіліпті: 
         Жүргенімде қуанышпен қамданып, 
         Керек – жарақ заттарымды қолға алып, 
         Жиырма екінші сағатанда қырық бірдің 
         Батыстан дауыл соқты долданып. 
         Таң алдында сағат бесті соққанда 
         Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да, 
         Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау 
         Шекараға келіп салды ойранды. 
Шындыққа  жаны құмар атам кезінде 9 мамыр мерекесін қатты жақсы көрді.Бұл күні ол омырауына барлық ордендері мен медальдарын тағып , балаларына , немерелеріне соғыс туралы естеліктерін айтудан жалықпайтын. 
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» , - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік , тыныштық , береке , бақыт орнатқандар. 
9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн .Сондықтан осы Ұлы мерекені ерекше қабылдаймын. 
Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында  басымызды иеміз. 
Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман  болсын,- деп тілей отырып, өзімнің жүрекжарды жырыммен шығармамды аяқтағым келеді. 
Жеңіс күнін ардагерлер әперген, 
Желбіретіп қызыл туды көтерген. 
Туған елін жау қолында қалдырмай, 
Ерлікпенен ер парызын өтеген. 
Он сегізде соғыс атты от кешкен, 
Жараланып, жас денесін оқ тескен. 
Аталарым, ардагерлер, болшы аман, 
Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота