Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. Тозған қазды Топтанған қарға алады. Ынтымақ түбі –игілік, Тірлік, тірлік түбі – бірлік. Ағайын тату болса – ат көп, Абысын тату болса – ас көп. Теңге – тиыннан, Ынтымақ – ұйымнан. Ынтымақ түбі — игілік. Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем болар. Көнектен шошынған бие оңбас, Көптен бөлінген үй оңбас.