«Елорда», «Нұр-Сұлтан» – мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сарыарқаның төрінде сән-салтанаты жарасқан әсем қала бой түзеді. Біздің ел жаңа ғасырға осындай ауыз толтырып айтарлық ерлікпен енді. Тәуекел – ердің қадамы. Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда, көптің көңілінде күмәннің болғаны шындық. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен өңірге жаңа леп келді. Зәулім ғимараттар салынды, Елордаға сән кірді, әлем тамсана қарады. Нұр-Сұлтан – болашақтың қаласы. Ол – өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасы. Ол – саяси, әлеуметтік, қоғамдық диалог, іскерлік пен озат жетістіктер алаңы. Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан. Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман өрнектерін астастырған – Ақорда, өмір ағашы – «Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл» – барлығы да бірін-бірі қайталамайтын туындылар. Атақты тұлғалар мен қайраткерлердің ескерткіштері бас қаланың сәнін арттыра түседі. Зиялылық пен мәдениеттің рухын асқақтатып тұрған Нұр-Сұлтан – арман мен қиял әлемі. Тұңғыш Елбасы: «Бұл – ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған халқы бар әсем де мейірлі Бас қаламыз – Нұр-Сұлтан», – деген еді.
2 мәтін
– Сәлем, Жібек, сен Нұр-Сұлтан қаласында болдың ба?
– Сәлем. Жоқ,
бірақ барғым келеді. Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы мәдениет орындары мен көрікті жерлерді белгілеп қойдым.
– Імм, керемет екен! Қай жерлерге бармақсың?
– Алдымен, «Астана Опера» театрына, Пирамидаға, Ұлттық мұражайға барамын.
– Қойш, ол жерлерде қандай қызық бар? Киноға, ойын орындарына барған дұрыс қой.
– Ақгүл, мен мәдени-тарихи жерлерді аралап, білімімді жетілдіремін, ойын орталықтарына да баратын уақыт табылады.
– Иә, сенің айтуың орынды. Мен оны ойламаппын. Егер білімді болсақ, елімізге пайдамыз тиеді. Солай емес пе, құрбым?
– Әрине, дұрыс айтасың. Қазір білімімізді жетілдіру бағытында ізденбесек, кейін кеш болып, бармағымыздыды тістеп қаламыз. Оқудың маңыздылығын түсінгеніңе қуаныштымын. Жарайсың, Ақгүл!
Жібектің сөздері Ақгүлге үлкен ой салғандай болды. Ол бір сәт үнсіз қалды.
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, талдау жасап, кестені толтырыңыз.
1-мәтін 2-мәтін
Тақырыптары
(не туралы екенін жазу)
Стилі
Жанры
Тілдік ерекшеліктері
1-мәтіннен неологизмдерді (жаңа сөздерді) теріп жазыңдар.
2- мәтіннен сұраулы сөйлемдерді, қаратпа сөздерді теріп жазыңдар
1. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.
2. Бастауышы тұйық етістік, баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді көрсетіңіз.
Д) Айту - біздің парызымыз.
3. Дара бастауыш бар сөйлемді белгілеңіз.
С) Біз бірлікті ойлаймыз.
4. Бастауышы тәуелдік жалғауында тұрған сөйлемді табыңыз.
В) Інім маған көмектесті.
5. Анықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.
С) Көлдің деңгейі төмендеген.
6. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.
Е) Кітап.
7. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
Е) Бастауыш
8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгілеңіз.
Д) Жалаң
9. Мақсат пысықтауышты табыңыз.
Бауыржан досымен бірге Алматыға оқуға барды.
В) Оқуға
10.Сөйлемде қимыл-әрекеттің жай-күйін, мезгілін, мекенін білдіретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз
А) Пысықтауыш.
11. Кімдер? Нелер? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне қойылатынын көрсетіңіз.
Д) Бастауыш.
12. Пысықтауыштың сұрағың табыңыз.
Е) Қайда?
13. Сөйлемнің баяндауышын толықтырыңыз.
Біз бұлақтардың көзін ... .
Д) Аштық.
14. Себеп – салдар пысықтауышты табыңыз.
Қара алтынды игеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр.
С) Игеру үшін.
15. Сөйлемде есімше қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.
Менің айтар сөзім-осы.
Д) Анықтауыш.
16. Атау мен ілік септіктен басқа септік сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
С) Толықтауыш
17. Анықтауышты табыңыз.
Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
А) Таза
18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.
Қымыз қандағы гемоглобинді көбейтеді.
В) Етістік.
19. Бастауышы жоқ жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
А) Жақсыз.
20. Тек тұрлаусыз мүшелерді анықтаңыз.
В) Анықтауыш, толықтауыш.