Энергетика және өндіріс орындары Түсініктеме құрылымын анықта. 1. 20.12.2020 жыл 2. Студенттің қолы: 3. Мен, Жанғазиев Арман, Алматы мемлекеттік университетінің «Энергетика» кафедрасының І курс студенті 2020 жылдың 19 желтоқсанында болған 3 сабаққа денсаулығымның нашарлауына байланысты қатысқан жоқпын. Емханада болғанымды растау үшін дәрігер жолдамасын қоса ұсынып отырмын. Алдағы уақытта қайталамауға уәде беремін. 4. Алматы мемлекеттік университетінің ректоры А.А. Кәрімовке Түсініктеме - Артқа Тексеру w
Жалпы көкке ұшып,аспан көгінде қалқуды армандамайтын адам жоқ шығар.Әсіресе ғарыш кеңістігінде,ғарышта қалқудың орны ерекше.Өзімізге беймәлім жайттардын хабар болар едік.Кім біледі ондағы ғажайып ғаламшар барын біліп,сонда барып қалуым да мүмкін шығар.Егер сондай ғаламшар табылып жатса,алдымен адамдарымен кездесіп,қызықтармен бөлісер едік.Мен олардың әуе тұлпарларына отырып,олар менің ғарыш кемеме мінсе,керемет сезім емес пе?Сонда өз ғаламшарыма келіп,зерттеу жұмыстарына қатысқым келетінін,өте қатты ұнағанын айтар едім.
Объяснение:
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады. Бүгінгі мәдениеттің бет алысына зер салсаңыз, фантастикалық жанрдың жоғалып кету алдында тұрғанын көресіз. Осыдан кейін «Қалың кітаптардың заманы өтті дейміз, ендеше шағын фантастикалық кітаптардың дәуірі неге тумай жатыр? Жастар неге ғылыми фантастикаға бармайды?» деген сауалдар туындайды.
Бұл - фантастика жанры мүлдем тоқырады, тозып бітті деген сөз емес. Бұл жанрда аздап болсын, қалам тартып жүрген жастар да бар. Мәселен, Қойшыбай Мүбарак, Мақсат Рамазанұлы секілді. Бірақ бұлардікі ғылыми емес, мистикалық фантастика. Неге мистика? Себебі белгілі. Ғылым мен техника қазір өзінің шырқау шыңына шығып болды деуге болады.