Эп қойып, жоспар құр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар тәуелсізді-
гіміздің нышандары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Туында күн сәулесі бейнеленген. Жер жүзіне нұрын шашқан
күн сәулесінің астында қияға қанат қаққан қыран салынған. Ол тыныштық пен баянды
емірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін білдіреді.
Елтаңбада көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнеленген. Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді
уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп
жатқан халықтардың достығын көрсетеді. Елтаңбаның бір бөлігінде ертедегі қанатты тұлпар
бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін
жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын
көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығын білдіреді.
Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы та-
рихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды қолын жүректің тұсына қойып,
ұрып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетед состаате план по тексту на казахском
Ұлы Отан соғысының зардаптары.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды.
Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
Соғыс жылдары Қазақстан сонымен қатар миллиондаған босқындарды қабылдап, қол ұшын соза білді, әрі майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Мен шығарманы Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?