В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Gobbygo
Gobbygo
15.06.2022 14:22 •  Қазақ тiлi

Еріндік дауыстылар деген не

Показать ответ
Ответ:
novakk020
novakk020
04.12.2020 14:59

Ерін үндестігі. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі деп аталады. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді.

Қазіргі қазақ тіліндегі ерін үндестігі жайында пікір айтушылар академик І.Кеңесбаевтың тұжырымын негізге алып жүр [1]. 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің» фонетика тарауында былай делінген: «Әдеби тілде (жазу нормасын еске алғанда) ерін үндестігі тіпті еленбейді десе де болады. Осыған қарағанда ерін үндестігінің қазақ әдеби тілі үшін айтарлықтай үлкен мәні бар деуге болмайды». Ал келесі бетте мынадай жолдар жазылған: «Қазақтың ауызекі тілінде аздап болса да ерін үндестігі байқалады. Ерін үндестігінің күші үш буыннан аспайды: әсіресе екі буынды сөзде ерін дауыстысымен келген алғашқы буынның еріндік ықпалы анық сезіліп тұрады: үшінші буында солғындау сезіледі». Осы қағида фонетика оқулығының кейінгі басылымдарында да өзгеріссіз қайталанып жүр.

Бұдан шығатын тұжырым: қазіргі қазақ тілінде бірінші буында еріндік дауыстылар (о, ө, ұ, ү,) келіп, екінші буында езулік е, ы, і әріптері жазылса, онда оларға (е, ы, і) еріндік (ө, ұ, ү,) дауыстылардың міндетті түрде әсері болады. Тіпті «Қазақ тілінде өзге түркі халықтарының тілдеріндегі сияқты еріндік дауысты дыбыстар үндестігі жоқ» - дейтін автор да: «құлұн, жұлұн, төсө сияқтанып естіліп тұрса да» - дейді.

Сөздің айтылу нормаларын арнайы қарастырған еңбегінде Р.Сыздықова да ерін үндестігі туралы өз зерттеуінде былай дейді: «Сөздің басындағы немесе бірінші ашық буындағы ұ,ү,у,о,ө дыбыстары және екі дауыстының ортасында келген у дыбысы (тауық, бауыр сияқты сөздерде) келесі буындағы ы, і дыбыстарын өзгертіп, ұ, ү-лерге жуықтатып естіртеді. Мысалы: кү-ліп, құ-лын, бү-гін, о-рын болып айтылады. Еріндік дыбыстардың ықпалы үшінші, төртінші буындарда біртіндеп әлсірей береді. Мысалы: күмістің деген сөздің екінші буыны ү-ге ұқсап, соған жуық айтылса, үшінші буынында і-ге жуықтау айтылады: күмүсті».

Объяснение:

осылай болу керек

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота