В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
езо1
езо1
24.03.2021 02:08 •  Қазақ тiлi

Ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау 8.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің
оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, оның жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
«Адамды адам еткен - еңбек» десек, қазіргі кезде еңбек адамы деп кімді бағалаймыз. Осы
орайда шығармашыл тұлғаға төмендегі сауалдарды жолдаған едік.
Еңбек адамы дегенді қалай түсінесіз?
Менің ойымша, еңбек адамы ең алдымен, таза жұмыс істейтін адам. Өзінің табысын
маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адам. Ол дихан бола ма, малшы
бола ма, жазушы бола ма, актер бола ма, бәрібір. Еңбек адамы кез келген салада болу
керек.
Қазіргі қазақ қаламгерлері, режиссерлері еңбек адамының образын жасады ма?
– Бүгінгі таңда театрда еңбек адамы толықтай сомдалған жоқ. «Еңбек адамы» десе, далада
жұмыс істеп жүрген жанды көрсетуге тырысады. Бір кездері тамаша очерк жанры болған.
Ол уақытта әрбір журналист еңбек адамы туралы очерк жазатын Елге баратын, солардың
еңбегін көретін Ал қазір тарихи шығармаларға көбірек бет бұруда. Адал еңбекті
насихаттайтын шығармалар жазылып фильмдер түсірілсе жақсы болар еді.
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз A) мақала В) әңгіме C) сұхбат D) очерк​

Показать ответ
Ответ:
sertarsertar205
sertarsertar205
17.11.2021 03:36
Пословицы о Родине

1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

2. Өз елім, өлең төсегім.

3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.

4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.

5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.

6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.

7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.

8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.

9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ulaborodina57
ulaborodina57
02.10.2021 08:28
Тілім менің
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота