Еркіндік деген не? Ол туралы барлық адамның түсінігі бірдей емес. Біреулер бай болып, ешбір шаруамен айналыспай, өзгелерді жұмсап ерігіп жүргендік еркіндік деп ойлайды. Кейбіреулер ойынан келгенді айтып, қолынан келгенді істесе,ол мейлі дұрыс болсын, ол мейлі бұрыс болсын осыны еркіндік санайды. Мен болсам, өзімнің осы өмірімді еркін өмір сүру деп санаймын, себебі, мен ешкімнің зорлығынсыз мектепке барамын, білім аламын. Сабақ оқуға, демалуға, ойнауға, шаруалар атқаруға ешкім мен күштемейді, бәрін өз еркіммен істеймін. Мен үшін еркіндік осы.