Ерлік — бірнеше мағыналы сөз: адам бойындағы батылдықты, батырлықты, ұстамдылықты, табандылықты, қайсарлықты, өжеттікті білдіретін ұғым. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де тайынбай, рухын жоғары ұстайды. Басына түскен ауыртпалықты мойымай көтеріп, мұны негізгі борышым деп есептейді. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінед