Ерте, ерте, ертеде бір жыл үш жүз алпыс бес күн бойына тырс етіп жаңбыр тамбапты. Жер бетіндегі мәуелеп өскен ағаш та, құлпырған әсем гүлдер, жайқалып тұрған өсімдіктердің
жапырақтары шыжыған ыстықтың салдарынан сарғайып солыпты. Бұдан былайғы жерде тірі
жүрудің қиындығын білген құстар су табудың амалын қарастыру үшін көп болып жиналып кеңес
құрыпты. Сонда құстың бірі:
— Теңіз жағалауына барсақ кеберсіген тұмсығымыздың суға тиюі сөзсіз ғой, бірақ ол тым алыс,
енді не істесе болар екен, депті. Ақ тырна:
Оның шарасы жеңіл! Теңіз жағалауынан шоқып бір арық алсақ, судың өзі ағып келеді,
депті.
Құстар бұл ақылды жөн көріп, теңіз жағалауына арық алуға бармақшы болыпты. Тек бір торғай
ғана жаным қиналмасын деп төбе жағын аппақ қып бояп алыпты да құстарға:
— Қылшылдаған жас емес, қырқылжыңның бірімін, басым да ағарды!
Бұл жұмысқа қайтып ат салыспақпын? депті.
Құстар оған қалсаң қал дегеннен басқа ештеңе айта алмапты.
Сөйтіп кұстар теңіз жағасынан тұмсықтарымен шоқып арық алуға жапа-тармағай аттаныпты.
Олардың шоқ-шоқи тұмсықтары қанап кетіпті. Шыжыған ыстық күн қанаттарын күйдірермен
болыпты. Олар ыстықтан пысынап өлуге айналғанда ғана суы бар салқын жерге барып, аз
тыныстап алып, жұмыстарын қайта жалғастырады екен. Олар сөйтіп жеті күн-жеті түн жапалы
шайқас жасап, теңіз жағасынан арық тартып келіпті. Су ағып өткен алқап жасыл түске еніп, гүл-Выпиши из текста пять ключевых слов
Ерте, ерте, ертеде бір жыл үш жүз алпыс бес күн бойына тырс етіп жаңбыр тамбапты. Жер бетіндегі мәуелеп өскен ағаш та, құлпырған әсем гүлдер, жайқалып тұрған өсімдіктердің жапырақтары шыжыған ыстықтың салдарынан сарғайып солыпты. Бұдан былайғы жерде тірі жүрудің қиындығын білген құстар су табудың амалын қарастыру үшін көп болып жиналып кеңес құрыпты.
Объяснение: