Ерте ерте ертеде, Ешкі жүні бөртеде, өте бір бай орман болыпты. Бұл орманның андары саудамен айналысыпты. Өте алғыр жануарлар осы орманда жиналыпты. Бұл орманның патшасы әрине арыстан болыпты. Олардың саудалары
қалай жүзеге асыпты? Аралардан алынған бал аюларга сатылыпты. Оның құнына ағаш тақтайлар алынып, базардың
құнымен сәулетші құндыздарға өткізіліпті. Осылайша бір шама уақыт өткен соң саудалары алға баспай, аралар
акшаны азсынып, аюлар балды сапасыз көріп, кұндыздар ялган тақтайларын ұнатпайтын болыпты. Не керек орман
патшасы арыстан ел жұртқа масқара болмайын деп, әбден ойланып, толғанып отырғанда ойына бір ой келіпті. «Мен өзі
үлкен патшамын. Саудамен айналысып нем бар? Одан да бір жерде отырып, андардың тапқан табысының жартысын
салық ретінде алып отырмаймын ба? Айтқаныма көнбегендерді кырып салайын. Әй құрсын! Енді рахат, тыныш өмір
сүретін кез келді!» депті. Дереу өлкедегі газет, теледидарға хабар беріп, барлық газет беттерінде, теледидар
бағдарламаларында осы хабарды жариялапты. Патшаның заңына бағынбағандар патшаның алдына келіп, жеке есеп
беруге мәжбүр болыпты. Сөйтіп, тер төгіп тапкан акшаларының жартысы патшаға тиесілі болыпты. Бұған
андар не
істерін білмепті. Бір күні сәбіз саудагері кояннын акылына бір ой келіпті. Салық төлеуге де ең соңынан ол барыпты.
Тіпті арыстан катты ашуланғаннан кейін кимылдапты. Арыстан акырып, «Неге кеш келдің?» дегенде Қоян: Мырзам,
жолда келе жатып орманға жаңадан келген бір арыстанды көрдім. Бұдан былай салықты соған төлейді екенбіз. Одан
жанымды әрен аман сақтап қалдым, депті. Не деп тұрғаныңды білесің бе, ей Қоян? Бұл орманда екі патша бола ма?
Дереу мені оны көрген жеріне алып бар. Көресіні көрсетейін мен оған, - депті арыстан. Мырзам, тағы бір мәселе бага
әлгі арыстан кұдды сіз сиякты күшті, қуатты, ірі денелі. Оның үстіне патшаларына айта бар, «Маған карсы
шыкпасын!» деді. Бұл сөздер арыстанның ашуын келтіріп, қоянды алдына салып отырып, айтқан жеріне келіпті.
Сөйтсе, ол жерде бір құдық бар екен. Қоян «Әлгі арыстанның сарайының есігі - осы» депті. Ашудан көзі аларған
арыстан кұдықтың басына келіп, «Мықты болсаң, шық!» деп акырышты. Құдык өте терең болғандықтан арыстанның
дауысы өзіне жаңғырып келеді. Тағы да құдықтың ішіне үңіліп: Арыстан болсаң шық, кімнің күшті екенін білейік,
деді. Дәл сол дауыс өзіне қайтіп келеді. Судың үстіндегі өз бейнесін көрген арыстан кұдықтың ішіне атылып секіреді де
су түбіне кетеді. Осылайша залым патша өз жазасын көріпті. Ал қалған андар ақылды кoянга алгыстарын білдіріп,
сый-сияпаттар беріпті.
1. Ертегіден етістің түрлерін тауып жазыңыздар.
» 2. Ертегіден кандай ой түйдіз.
3. Сонгы сөйлемді сөз құрамына талданыздар.
Менің бос уақытым көп бола бермейді. Сабақтан келіп, тамақтанып, үй тапсырмаларын орындаған соң үйдегі өзіме тапсырылған шаруаларды орындаймын. Оларды орындаған соң аздап тынығып алуым керек. Содан кейін бос уақыт болса теледидар қараймын немесе компьютер ойнаймын. Одан бөлек мен бос уақытымда оригами жасаумен айналысамын, қағаздан түрлі заттар қиып шығарамын. Кейде көрші достарыммен далаға шығып ойнаймын. Демалыс күндердегі бос уакытымда үйдегілерге көмектесемін.
Мой досуг.
У меня не всегда бывает свободное время. После уроков я прихожу домой, кушаю, выполняю домашние задания, затем выполняю порученную мне работу по дому. После того, как сделаю все это мне еще нужно немножко отдохнуть. Затем я смотрю телевизор или играю компьютер, если есть свободное время. Кроме этого, я занимаюсь поделками оригами в свободное время, вырезнаю разные предметы из бумаги. Иногда играю во дворе с друзьями-соседями. В свободное время по выходным я своей семье по дому.