Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құйрық жүні ұзын кезде уайымсыз жалқаулардың бірі: О, Жаратқан ием-ай, жарық дүниеге әдейі әкелген соң, дәулеті шалқыған бай етіп жаратсаң етті. Жалғанды жалпағынан басып, шалқып өмір сүретін жасымда ішсем – тамаққа, кисем – киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдап, қайғырып отырыпты. Оның бұл мұңын естіп қалған бір ақсақал: — Қарағым, сен несіне қайғырасың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, - депті. Ақсақалдың сөзін өзін мазақтағаны деп түсінген жігіт: - Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? - деп ашуланыпты. Ақсақал: — Екі көзіңді маған сатшы. Қалағаныңша алтын мен күміс берейін! – дейді. Жігіт одан да қатты ашуланып: Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын-күмісіңіздің керегі не? Ондай байлығың өзіңе! – депті. Осылайша ары қарай он екі мүшесіне біртіндеп саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуы келген жігіт: - — Ат басындай алтын берсеңіз де, ешқайсысын сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! – деп кесіп айтады. Сонда барып ақсақал: — Е, балам, ендеше, адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы! Сен сияқты он екі мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай байлыққа, алтын мен күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен. 2."Ойлан,жұптас,талқыла"әдісімен оқылым материалды негізінде қорытынды пікір жазыңдар
Тұмар (Томирис) (грек. Τόμυρίς, көне парс. Таһм-Раyіš, көне иран.: Таһміріһ — "Батыл") (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі, массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
N°8:Шоқжұлдыз.Шоқжұлдыз жұлдыздың бір түрі.Ол бізге кішкене ғана нүкте болып көренеді.Бірақ шынында ол өте үлкен.
Мәңгілік өзгермейді.Менің ана тілім мәңгілік өзгермейді,себебі біз оған жол бермейміз.
Дөңгелек.Менің анам бүгін бізге дөңгелек пішінді тоқаш пісіріп берді.
Жорамалданған.Тауешкілер(Жұлдыз жорамал) ренжігіш болып келеді деп жорамалданған.
Ғылымды дамыту.Біздің елімізде ғылымды дамытуға көптеген ғалымдар күшін салып жатыр.
Ілім дәлелденген.Қазақ тілі әдемде жоқ тіл екендігі ілім дәлелденген.