Ерте заманда сиыр сызылған кербез, суырыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәкаппар, мақтаншақ та екен. Бір күні әлгі сиыр атпен ерегісіп қалып, екеуі жарысқа түсуге уәде байласады. Бұрынғы өткен жарыстардың бәрінде сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болуды мақсат етеді.
Көмбеге төреші болып арыстан келеді. Бәстің жайын ұққан соң, ат пен сиырды бір күншілік жолға жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды да өкіріп тұрып, кері қайтуға белгі береді.
Құйрығын көкке шаншып алып, танауы пысылдап, сиыр ә дегеннен-ақ қарасын үзіп, зулай жөнеледі.
Сиырдың артынан желдей жүйткіп, үдей шауып, ат келе жатады. Жол ортасында бәсекелесушілерге сусын беру үшін суыр тосып отырады.
Бір кезде оза шауып, елірген сиыр суырға жетіп келеді де:
— Суыр сасық, су қайда? – дейді.
Сиырдың тәкаппар мінезіне ренжіп қалған суыр:
— Сиыр сасық, су мұнда, – деп, сасып, борсып кеткен лай суды ұстата салады. Шаңырқап, шөлдеп келген сиыр судың қандай екеніне қарамастан, сіміріп жібереді де одан әрі шапқылай жөнеледі.
Әрі-беріден соң, суырдың қасына шаршап, шөлдеп ат келеді.
— Суыр сұңқар, су қайда? – дейді еркелетіп.
— Жылқы тұлпар, су мұнда! – деп, суыр мөлдір, тұнық суды атқа ұстата береді. Таза, тұнық суға қанып алған ат бойына тың қуат қосылғандай болып, құстай ұшып, самғай жөнеледі.
Сасық, лай су кеудесін алып қалған сиыр онша ұзап кете алмайды да екі-үш қырды асқан соң, оны ат қуып жетіп, жанынан желдей жүйткіп өте шығады. Содан көмбеге бірінші болып жетеді.
Содан бері жылқы төрт аяқты жануарлардың ішіндегі жүйрігі болып қалыпты. Кеудесін лай, сасық су алып қалған сиыр содан бері шабандап, жүгіре алмайтын күйде қалады. Сиырдың жатқан кезде ыңырана күрсінетіні - өзінің астамшылық етіп, суырға айтқан дөрекі сөзіне күні бүгінге дейін өкінгені екен деседі.
Кейіпкерге хат жаз. Хатында оған 3-4 кеңес беруді ұмытпа.
Объяснение:
Қайырымдылық-игі іс. Осы игі іспен айналысқан ел-игі ел. Біздің мектебімізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Менің бұл жағдайдан алған әсерім өте тамаша. Жұртымның қаншалықты қайырымды, мейірімді, жүрегі жұмсақ екендігіне көзім жетті. Олар қайырымдылық үшін соншалықты тырысты, тіпт сатып алушыларға да жылы шырай танытып, жылы жүзбен қарсы алды. Бұл жәрмеңкені өткізіп отырған мектеп оқушылары. Ал олардың кішкентайынан осылай қайырымдылыққа бас бұруы жарқын болашаққа бастар жол деуге болады. Осындай ұлт санасын жаңартатын шаралар көптеп өткізілгені дұрыс деп есептеймін.
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен ерліктерінің бәрі Тәуелсіздік, ел, жер үшін болды. Осы жолда көптеген ер азаматтар тер төгіп, өз жандарын құрбан етті.
Аналарымыз жесір, сәбилеріміз жетім қалып, ақ жүздерін қайғы жасы жуып, ащы зары мен мұңы дүниені күңірентті. Күрес жолында халқымыздың басынан өткерген небір қиындықтар мен қасіреттер, ерлеріміздің ерлігі тарихқа жазылып, халық есінде мәңгілік сақталып қалды.
Туады ерлер ел үшін,
Өлмейді ісі мәңгілік.
Өшпейді абзал есімдер,
Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағалары-мыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталатынына сенемін.
Қазіргі таңда біз, Тәуелсіз елдің жас өрендері үлкен күрес жолымен келген Тәуелсіздігімізді, елдігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз қажет.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен табыстарымыз ұшан-теңіз. Әлем жұрты мойындаған іргелі ел болдық. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасы. Біз осының бәрін қадір тұтып, қастерлеуіміз қажет.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік! Тәуелсіз Қазақстан мәңгі жасасын! Еліміз гүлдене, көркейе берсін!
Ұрпақтары ұмытпайды
Неменеңе жетістің, бала батыр?
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
М. Мақатаев
А үшін соғыстан асқан кесапат жоқ. Соғыс! Жалғыз ауыз сөз. Бірақ қандай қорқынышты?! Соғыс дегеніміз – қайғы – қасірет , қантөгіс, өлім – жетім.Соғыс дегеніміз – күн сайын туған – туыстан , жақын – жорадан, қарулас досыңнан айырылу.
Соғыстың әуелі Финляндия шекарасында басталғаны белгілі. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің ішінде менің атам - Мадырбаев Рахмет Копейұлы да бар. Отан алдындағы әскери борышын өтеген 1939 – 1946 жылдар арасында небір қиыншылықты басынан кешіріп, соғыс біткен соң еліне аман оралғандардың бірі.
Ол кісінің қолынан тастамайтын шағын қобдишасы болатын.Оның ішінде соғыс кезінде жазған, оқ пен оттың, өлім мен өмір жолында жүріп , еліне , туған – туыс, бауырларына деген сағынышын , өзінің басынан кешкен киыншылық кезеңдерді өлеңмен өрнектеген шағын қолжазбасы бар екен. Беттері сарғайған осы парақтар өмір бойы төл құжатындай сақталып келіпті. Бұл қолжазба туралы: «Кейінгі буынға сол сұрапыл соғысты баян ете отыра , жүректен шыққан шумақтарымды ұсындым. Бұл – мен үшін сол кездің шежіресі. Әр адамның өз тарихы бар ғой. Менің тарихымның естен кетпес тұстары – Отан қорғау жылдарым еді», - дегені әлі есімде.Қолжазбаға мына өлең шумақтары тізіліпті:
Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек – жарақ заттарымды қолға алып,
Жиырма екінші сағатанда қырық бірдің
Батыстан дауыл соқты долданып.
Таң алдында сағат бесті соққанда
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да,
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау
Шекараға келіп салды ойранды.
Шындыққа жаны құмар атам кезінде 9 мамыр мерекесін қатты жақсы көрді.Бұл күні ол омырауына барлық ордендері мен медальдарын тағып , балаларына , немерелеріне соғыс туралы естеліктерін айтудан жалықпайтын.
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» , - деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – Қазақстан халқына бейбітшілік , тыныштық , береке , бақыт орнатқандар.
9 мамыр Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше , аса қастерлі де айтулы күн .Сондықтан осы Ұлы мерекені ерекше қабылдаймын.
Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата –бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып,сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Жеңімпаз әкелердің, достық пен татулықты қастерлеген аға буынның жалғасы екенімізді ардақ тұтамыз. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың алдында басымызды иеміз.
Аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман болсын,- деп тілей отырып, өзімнің жүрекжарды жырыммен шығармамды аяқтағым келеді.
Жеңіс күнін ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ер парызын өтеген.
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып, жас денесін оқ тескен.
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнің мол кешкен.