Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады.Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді…Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді идеясын табындар
-Дербес компьютерде жұмыс жасаудың жалпы ережелерін білесіңдер ме?
- Дербес компьютерде жұмыс жасаудың жалпы ережелерін білемін.
-Дербес компьютерде жұмыс жасау алдында не істеу керек?
- Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек; жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
-Жұмыс жасау кезіндегі ережелер қандай?
- Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.ЭЕМ.мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60.70 см қашықтықта ұстау керек; сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi; көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай.ақ, көз жаттығуын орындауға болады; - электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет; көз жаттығуларын білу міндетті.
-Апаттық жағдайда не істейсіз?
- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек; -өрт сөндiруде көмек көрсету қажет; электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек; электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
-Жұмыс соңындағы қандай талаптар мен ережелерді білуге тиіссіз?
- Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру; жұмыс орнын ретке келтіру; жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.