В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
bulycheva0303
bulycheva0303
13.10.2021 20:25 •  Қазақ тiлi

Ертеде Балқаш деген бай болған екен. Оның көркіне ақылы сай Іле деген қызы . Іленің көріктілігі мен ақылдылығы жан-жаққа аңыз болып тарайды.
Ілеге құдатүсушілер келе бастайды, бірақ Іле олардың бірде-біреуіне өз сезімін алдырмайды. Сол
елде Қаратал деген батыр, кедей жігіт болады. Ол үнемі жарлы-жақыбайлардың сөзін
сөйлеп, оларға көмек беріп жүреді.
Бірде Балқаш бай үлкен ас береді. Бұл аста ақындар айтысып, жауырыны жерге
тимеген палуандар белдеседі. Осы аста Іле мен Қаратал кездеседі. Бір көргеннен бірбіріне тәнті болған екі жас тек іштей ұғысады. Сегіз қырлы, бір сырлы Қаратал бұл аста
ерекше көзге түседі. Балқаш бай қызы Іленің Қараталға ерекше ілтипат көрсетуінен қатты
шошынады. Қараталды қызына тең көрмейді. Балқаш бай бақыт тек байлықта деп ұғады.
Қаратал Ілеге қанша ынтызар болғанымен, арада алынбас қамал барын ұғады. Ол – өзінің
кедейлігі еді.
Іле Қараталды шын сүйетіндігін айтып, әкесінен рұқсат сұрайды. Балқаш бай рұқсат
бермек түгілі жігіттің атын атауға тыйым салады. Ақыры ебін тауып, Іле мен Қаратал
ауылдан қашып шығады. Қызының кедей жігітпен қашып кеткенін білген Балқаш бай өзі
бас болып арттарынан қуады. Іле мен Қаратал қуғыншылардан құтылмасын біледі де,
әкесін тосып алады. Әкесімен бір ауыз сөзге келеді. Іле: «Әке, мен тек Қараталды
сүйемін. Өмірде байлықтан жоғары күш бар. Ол – махаббат. Өзіңнен соңғы өтінер жалғыз
тілегім: тіршілікте бірге болмаған тәніміз о дүниеде бірге болсын, Қаратал екеумізді бірге
жерле», – дейді де, биік құздан етекке құлайды.
Қызының парша-парша болған жансыз денесін көрген Балқаш бай есінен танып
құлайды. Арада біраз уақыт өтіп, өзі-өзіне келген Балқаш бай жанындағыларға: «Мен
өмірде үлкен қателік жібердім. Адам үшін бар байлық та, бақыт та бала екенін енді
. Тірлігімде жіберген қателігімді о дүниеде жуайын, Іле мен Қаратал екі сағам
болсын», – деп екі баласының ортасына жатып, өзіне-өзі қанжар салады. Міне, Балқаш
көлі Балқаш байдың көз жасынан пайда болып, үнемі екі сағасынан келіп құятын Іле мен
Қаратал демімен толығып отырады екен.
5)Мәтіндегі негізгі кейіпкерлерді табыңыз *
Қырлы,Сырлы,Іле
Қоңыр,Балқаш ,Қаратал
Өзен,көл,теңіз
Іле ,Балқаш,Қаратал

Показать ответ
Ответ:
nastyhca2005
nastyhca2005
17.08.2020 11:44

                       Көктем.

Ызғарлы әрі қатал қыстан кейін жайма-шуақ көктем де келіп жеткен еді.Көкжар ауылының табиғаты одан әрі әрлене түскен.Ауыл шетіндегі асау өзен толассып айналасын нәрге бөлеуде.Ал айдын көлге жылы жақтан қайтып келген құстар,аққу,тырна,қаздар,қиқулап асыр салып ұшып жүр.Ауылдан біршама қашықтықта жатқан асқар тау бейне бір шамалы жүрсең жетіп қалатын секілді көрінеді.Қаладан ата-әжесінің ауылына демалысқа келген Арман бұл сұлулыққа тамсанып жүрген еді.Қолында ақ парағы мен түрлі түсті қарындаштары да бар.Сурет салып,бұл әдемі табиғатты,көктемнің алғашқы күндерін есіне сақтап қалғысы келгені ғой.Біраз уақыттан соң , суретін тәмамдап ата-әжесіне көрсетіп олардың мақтау сөздерін естіп марқайып та қалған еді.Кейін суретін сөмкесіне салып атасына жас ағаштарды суғаруға көмектеспек болып далаға жүгіріп шықты.Не дегенменде,көктем Арманның ең сүйікті жыл мезгілі ғой.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AnastasiyaSm
AnastasiyaSm
01.06.2023 13:40
Ағайын бір өліде, Бір тіріде керек. -С родней радостью поделишься – радости прибавится, горем поделишься – горе убавится.

Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды. -Никудышная родня успехам завидует, а в нужде не может.

Ағайын тату болса ат көпАбысын тату болса ас көп. -Братья в ладу – коней много, невестки дружны – еды много.

Жаман да болса ағамыз, Жақсыны қайдан табамыз. -Хоть и дурной, да брат родной. Где же взять хорошего?

Мал қонысын іздейді,Ер туысын іздейді.-Скотина ищет свой хлев, джигит – свою родню.

Жақыныңды жат етсең,Жатқа күлкі боларсың.-Сторониться своих – стать посмешищем для чужих.

Әпкенің үйі – кең жайлау. -Дом сестры – раздольное джайляу.

Жаман туыстан жат артық.-Добрый знакомый лучше плохой родни

Ағайын бірде араз, бірде тату. -Родичи и ссорятся, и мирятся, но никогда не расходятся.

Туғаныңмен сыйы кең дүниеге сыймассың.-Кто с родней в мире не живет, в просторном мире места не найдет.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота