Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.
-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.
-Ол да болсын,көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
Cұрақтар:
1) Мәтінде айтылған нағыз достықтың үлгісін қалай бағалайсыз?
2) Шынайы достық өзіңді құрбан етумен ғана өлшене ме?
3) Дәл осы жағдаятта досты құтқарудың басқа да амалдары бар ма?
4) «Адамды досына қарап таны» дегенді қалай түсінесіз?
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.