Ертесіне Президентпен кез- десуге барады . Барған бетте Fa- рышқа ұшудан бас тартатынын мәлімдейді . Сонда Нұрсұлтан Әбішұлы : Тоқтар , бауырым ! деп сөз бастайды . - Мені дұрыс тү- Сін : бұл ұшу сен үшін я болмаса мен үшін қажет емес , біздің қа зақ халқы үшін керек . Білесің бе : « Байқоңырдан » осынау отыз жылдың ішінде ғарышқа кімдер ұшпады ? Ал сол жердің иесі - қа зақтар « Біздің жерден біздің ға рышкер қашан шығады ? » деп ар мандаумен келеді . Оның үстіне сен барлық жағынан дайын тұрсың ... Керек десе , Кеңес Одағының Ба тырысың ! дейді . Аталы сөзге тоқтаған қазақ емес.
Көзі
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.
... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!