Есімдікке байланысты тест тапсырмалары № 1 1. жіктеу есімдігін табыңыз. а) бұлар в) қайдан? с) ешкім д) олар е) кейбіреу 2. күрделі есімдіктер қатарын табыңыз. а) күллі, барша, тегіс в) өзім, өзді-өзі, өздеріңіз с) қашаннан? қайсысы? неңіз? д) әркім, қайсыбір, ешқашан е) мынау, осыңыз, соным 3. көбіне тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрі. а) сұрау есімдігі в) жалпылау есімдігі с) белгісіздік есімдігі д) болымсыздық есімдігі е) өздік есімдік 4. тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз. а) кіміңіз? несі? в) бұнысы, мынауыңыз с) соның, анаған д) өздерің, өзіңіз е) барлығынан, бәрінің 5. болымсыздық есімдігін көрсетіңіз. а) бірнеше в) саған с) дәнеңе д) әлдекім е) түгел 6. есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады? а) зат есім орнына қолданылса. в) сын есім, сан есім орнына қолданылса. с) мезгіл, мекен мағынасын білдірсе. д) сөйлем соңында келсе. е) үстеу сөздердің орнына қолданылса. 7. сын есім орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз. а) қайсыбір в) әлдекім с) біреу д) әлдеқайдан е) кімде-кім 8. тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз. а) осынау в) оған с) әрне д) кейбіреулер е) ештеңе 9. асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр? «сендер нешеусіңдер? » а) бастауыш в) баяндауыш с) толықтауыш д) анықтауыш е) пысықтауыш 10. бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз. а) әркімді заман сүйремек. в) өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден. с) жаңа жолдың басшысы – ол. д) мен жазбаймын өлеңді ермек үшін. е) сенен аяр түгі жоқ, бүгін сыйлас көрініп.