ещё раз Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ
үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын»
дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отыр. Сабақта біз оны оқып
үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым.
Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды.
Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап
– барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап
оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек.
10.Мәтін не туралы?
А) орыс әдебиеті
В) кітап
С) жас мұғалім
Д) Том Сойер
11.Автор кітапты қайдан алып оқып шықты?
А) кітапханадан
В) көршісінен
С) жолдасынан
Д) мұғалімінен
12.Мұғалім шығарманы қалай оқытты?
А) дауыстап
В) іштей
С) ақырын
Д) отырып
13. Асты сызылған сөздің мағынасын көрсет.
Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан
кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты.
А) сабақ аяқталғанда
В) сабақтан кейін
С) сабаққа дейін
Д) сабақта
14.Екінші азат жолда не туралы айтылған?
А) Марк Твеннің кітабы туралы
В) жас мұғалімнің сабақ беруі
С) кітапты жолдасынан алып оқуы
Д) кітап туралы
15.Мәтінде есімдіктің қандай түрлері кездеседі?
А) жіктеу, сұрау, өздік
В) жіктеу, өздік, белгісіздік
С) жалпылау, сілтеу, сұрау
Д) өздік, болымсыздық, жіктеу
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.
Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.
Бір күні орманда Айым жеміс-жидектер жинап жүрген еді. Күн салқындау. Айнала құстардың әсем әндеріне бөленеді. Айым бұл қатты ұнады. Оңға бұрылса бұлбұл сайрайды, солға бұрылса торғайлар шиқылдайды. Табиғат-ана да осы әнге қосылады.Бұлақтың сылдыры мен жапырақтардың сыбырлағаны қандай рахат! Айым осы тамаша үннен зор ләззат алды. Түске қарай ол үйіне қайтпақшы болды. Бірақ жолда ол қара жыланды кездеседі. Айым шошып кетті. Біріқ жылан Айымға назарын аудармады.Жыланды қызықтырған ұядағы кішкентай балапандар болған еді. Айналада балапандардың қамқоршы анасы көрінбейді. Байғұстар әлі ұша алмаған. Айымның жаны аши бастады. Бірақ ол не істей алады. Лезде бір торғай ұшып келеді. Жыланға төтеп беруге дайын болған торғай бірнеше рет жыланға шабуыл жасайды. Ақыры жылан қашып кетеді. Алайда, батыл торғай жарақаттанып қалады. Айым байғұс торғайды аяп, ұяменен үйіне алып барады. Үйіндегі ата-әжесіне болған оқиға жайлы баяндап береді. Әжесі торғайдың жарақат алған жерін арнайы маймен жақсылап майлап байлап қояды. Ал атасы балапандардың ұяларын сарайдың ішіне терезеге жақын жерге қойып қояды. Айым ата-әжесінің амқорына риза болады. Бір апта ішінде торғай сауығып кетеді. Балапандар да ұшыға үйренуге дайын. Міне , ғажап! Айым оларды қайта орманға алып келіп, бостандыққа жібереді.
Соңын өзің жөндеп алсың ғой)))