Қарағайлы орман – қарағай өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты орман алқабы. Негізінен солтүстік жарты шарда өседі: Солтүстік Америка жерінде қарағайдың бірнеше түрі бірігіп, тоғай құрайды немесе секвойя ағашымен бірігіп аралас орман түрінде кездеседі; Канадада Веймутов қарағайы басым; Мексикада қарағай аршамен бірігіп өседі; бұрынғы КСРО жерінде орманды және орманды-далалы белдемдерде тараған. Жалпы қылқан жапырақты ормандар суыққа төзімді. Таулы аймақтарда Қарағайлы Ормандар таулардың орта биіктік белдеулерінде өседі. Қазақстанда Қарағайлы Ормандардың басым бөлігі Қазақстанның шығысында Алтай таулары, Сауыр жотасы қойнауларында (371 мың га) орналасқан. Қостанай облысының Торғай қолатында Қарағайлы Ормандар біраз алқапты алып жатыр. Бұл жерлерде бірнеше орман шаруашылықтары (Аманқарағай, Бурабай, Әулиекөл, Басаман) және Наурызым қорығы орналасқан. Қарағайлы Ормандардың біраз бөліктері Шығыс Қазақстан облысының Ертіс бойындағы құмды алқаптарда, Баянаула, Қарқаралы және Көкшетау, Ақмола аймақтарында орын алса, біраз бөлігі Орталық Қазақстанның солтүстігіндегі майда шоқылар арасындағы ойпаңды жерлерде кездеседі. Жер шарында қарағайдың 100-ге жуық түрлері бар. Қарағай ағашы орман түзуші негізгі ағаш бола тұрып, ол сонымен қатар аса бағалы құрылыс материалы (қ. Қарағай). Қарағайлы Орман тез буланғыш заттар бөліп шығарады, олар ауадағы зиянды, әсіресе, туберкулез бактериясын жояды. Шығыс Қазақстан облысындағы Березовка, Көкшетаудағы Бурабай, Қостанайдағы Боровское санаторийлері Қарағайлы Орманды жерге салынған.

Объяснение:
Объяснение: