Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстанымыздың тұла бойы тұнып тұрған сұлулық. Шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала, шыңдары аспанмен таласқан асқар таулар, сығырлай аққан бұлақтар мен ұзынды-қысқалы өзендер, көлдер, бақтардағы бұлбұл құстардың әсем үні мен айдың көлдегі аққу құстың қиқулаған ғажап дауысы...Бәрі-бәрі Табиғат-ананың сізбен бізге берген тамаша тартуы. Сондай қайталанбас әрі баға жетпес Табиғат тартуының бірі саналатын Қазақстан өзендері Әлемтану айдарының бүгінгі тақырыбы болмақ
Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі су алабына бөлінеді. Бірі- Солтүстік Мұзды мұхит алабы, екіншісі –ішкі ағынсыз көлдер алабы.