"Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры" демекші,әрине,бала - өмірдің тәттісі,болашақ азамат.Оның келешекте сыйлы да ұнамды азамат болуына кішкене кезінде алған тәрбиесі үлкен рөл атқарады деп ойлаймын."Жақсы бала жеткізеді мұратқа,жаман бала қалдырар ұятқа" дегендей,жалпы жақсы бала қандай болуы керек?Оның бойында қандай қасиеттер болады?Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай тап-таза болады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деп атап өткендей,жақсы бала ең біріншеден ата-анасының берген тәлім-тәрбиесін бойына сіңіре алаған болуы керек.Жақсы бала айналасындағыларға игі ниетпен қол ұшын соза алса,нұр үстіне нұр болады.Әр нәрсеге қызығушылықпен қарауы,талапшыл,әдепті,санасы мен жүрегінде ақ ниеті,іс-әрекетінде ұқыптылық,жауапкершілік болуы керек деп білемін.Жақсы бала айналасындағыларға игі ниетпен қол ұшын соза алса,нұр үстіне нұр болады.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:"Болашақ - білімді жастардың қолында" деп атап өтті.Бұл дегеніміз кешегі кішкентай жүрегінде мейрімі бар бала ертең сол мейрімін еліне,жеріне жұмсай алуы елдің дамуына зор әсер етеді дегенді білдіреді.Ал бұлай елі үшін еңбек сіңіру тек жақсы балалардың ғана қолынан келеді деп білемін.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ(1846 - 1945)АҚЫН ӨМІРІШу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім. Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады.
Жақсы бала жеткізеді мұратқа.