Міне, қабағын түйіп жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез. Інім екеуміз терезе алдында отырмыз. Сыртқа шыға алмаймыз. Апам рұқсат етпеген. Кешеден бері аспанды суық бұлт торлап алды. Түс мезгілі болса да, қала іші түнеріп тұр. «Бр-р...» Өн бойымыз әлденеге діріл қағып, жаурағандай сезіндік өзімізді. «Ух, қандай суық еді!..» Сәлден соң күн ашылды. Ауыр- ауыр бұлттар тарқап, қиғаштай құйылған нұрлы шуақтан айнала құлпырып, мамыражай күйге енді. Інім екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы жұқа, сары жапырақтар самалмен дірілдеп тұр. Біз бақ ішіне кірдік. Бақ іші сары бояуға малынып тұр, тып- тыныш. Жаздағыдай құстардың әсем үні естілмейді. Тек табан астындағы тапталған жапырақтардың судыр- судыр еткен дыбысы бақтың тыныштығын бұзғандай.Інім сары жапыраққа алақанын тосты. «Қап, тесіліп қапты!» деді. Аяп тұр. Кенет сусылдап, күнбатыстан суық жел соқты. Ағаш жапырақтары ұша жөнелді. Біз үлкендердің «үстеріңді лас қылмаңдар!» дегенін ұмытып, жұп- жұмсақ жапырақтардың үстінде аунап ойнадық. Қайың, үйеңкі жапырақтарынан гүл шоқтарын жасадық. Ауа зілдене түсті. Көгілдір аспанға шыға келген бұлттар бірте- бірте қоюланып, жаңбырдың лебі есті. Әуелі ірі- ірі тамшылар батылсыз тамды да, кейін үдеп кетті. Жаңбыр тамшылары есікті, терезені, қаңылтыр шатырды қақылай жөнелді. Көше іші суға толып, ойық жерлерде көлшік пайда болды. Адамдар оны «жаңбырлы күз», «суық күз», «қара күз» деп, айыптап жатады. Ал біз оны «алтын күз» дейміз. Біз алтындай сап-сары жапырақтардан гүл шоқтарын жасап алып, үйге қарай жүгірдік. Апам бізге ұрыспайды
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/1572-k.html#read
© www.ZHARAR.com