Қазақ халқы көне заманнан бері сөзге шешен, данышпан, ақылды, аталы сөзге тоқтаған, қариямен қасарыспаған, үлкенді үлгі етіп сыйлап, кішіні кішіпейілділікпен құрметтеген. Алла мен ата-ана алдында бетегеден биік, жусаннан аласа болып, кеудесіне қолын қойып, бас иіп күй кешкен. Ризық Алладан екенін білген қазақ: «Құдайдан берекет – қазақтан әрекет; бір қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» - деп, өз несібелерін адал терген. Жанұясын көз қиығымен, ыммен бағындырып, балаларын өсиет-өнегемен өсірген, түрлі өнерге, қандай да бір кәсіпке бөлтірігін үйреткен арландай баулыған. Балдарына: «Ымға түсінбеген – дымға түсінбейді» - деп, кесіп бір айтқан. Елі мен жерін, тілі мен дінін, жетім мен жесірді қорғауға келгенде найзаның ұшымен, білектің күшімен, қайырлы ісімен алдына жан салмаған. Көлдің – тақыр болуы, байдың – пақыр болуы оңай. Бай болып елге пайдамыз тимесе, батыр болып жауға найзамыз тимесе, қазақты көргенде қас дұшпанымыз именіп бұтына симесе, бұл тірліктен не пайда деп шорт кескен, қазақ, жауларын жер иіскеткен. Қорқуды білмеген халықтың бойында болмаған.