Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 9 мамыр күні 70 жыл толады. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңізді, батылдығыңызды ақ жүректен жарылып шыққан шынайы, таза, ақжарқын алғыс сөздермен қалай жеткізсем деп ойлаймын. Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сізге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!» - деп, ашық аспан астында қуанышымды айқайлап айтқым келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров. Павлодарлық жерлестеріміз: Қанаш Камзин, Садықов Темірболат, Кепешев Мүбарәк, Сексенбаев Тәуекел, Құсайын Бүркітбаев т.б жеңіс күніне жеткізген аға, апа, аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз, мәңгілік от алауына гүл шоғырларын қоямыз. Ұрпақтың парызы – бұл күнді есте сақтау. Сіздердің арқалаларыңызда бейбітшілікте, Тәуелсіздікте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын, Елбасы жасасын, Еліміз жасасын!Объяснение:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.